AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Алмалы ауданында 60 мыңнан астам бұта от...

Алматының Алмалы ауданында 60 мыңнан астам бұта отырғызылады

Барлығы 13.09.2025, 14:36 824
Алматының Алмалы ауданында 60 мыңнан астам бұта отырғызылады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының сегіз көшесінде жасыл буферлік аймақтар пайда болады

Алмалы ауданында бірден сегіз көшеде буферлік аймақтарды ауқымды көгалдандыру жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Буферлік аймақ – бұл жол, тротуар немесе тұрғын үйлер мен шулы нысандар арасындағы кеңістік. Жасыл желекті отырғызу шудың деңгейін төмендетіп, шаңды ұстап қалуға, ауаны тазартуға, қалалық ортаны тұрғындар үшін жайлы етуге септігін тигізеді. 

Жол жиегін көгалдандыру жоспарына Наурызбай батыр, Шевченко және Құрманғазы көшелерінің жекелеген аумақтары кірді. Желтоқсан, Абылай хан даңғылы, Назарбаев және Сейфуллин сынды қалған төрт көшеде абаттандыру жұмыстары аудан аумағындағы бүкіл ұзындық бойымен жүргізіледі. Сондай-ақ, жоспарға Абай даңғылының бір бөлігі де (Назарбаев даңғылынан Есентай өзеніне дейін) енді. Барлығы 60 мыңнан астам бұта отырғызылады.

Кейбір учаскеде – Шевченко, Құрманғазы және Наурызбай батыр көшелерінде абаттандыру жұмыстары аяқталды. Тамыз айында Абай, Абылай хан даңғылы мен Желтоқсан көшесінде жұмыс басталып, 16 мыңнан астам бұта отырғызылды. Жобаны қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.  

Көгалдандыру үшін көпіршік, сұр тобылғы, ақ сәнтал, көкжалбыз сынды қала жағдайына төзімді өсімдіктер таңдалды. Әсіресе, күтімді қажет етпейтін әрі алматылықтардың сүйікті гүлі Ругоза раушанына мән беріліп отыр. 

Абаттандырылған учаскелерде автоматты суару жүйесі іске қосылды. Жаңа жасыл аймақтар ауданды көркейтіп, ауаны тазартып, көшелердің тыныш әрі жайлы болуына ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алмалы ауданы #бұта #егу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);