ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматының алғашқы ресми гастрогиді жарық көрді

Алматының алғашқы ресми гастрогиді жарық көрді

Алматы 14.05.2025, 10:16 694
Алматының алғашқы ресми гастрогиді жарық көрді
Алматы әкімдігі
Қала қонақтары үшін140-тан астам тамақтану орны мен гастрономиялық бағыт қамтылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қала қонақтары үшін140-тан астам тамақтану орны мен гастрономиялық бағыт қамтылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматының Туризм бюросы алғашқы гастрогидін ұсынды: Алматы бүкіл әлем гурмандары үшін тартымды мекенге айналып келеді.
Қала саяхатшыларды кулинарлық дәстүрлердің бірегей үйлесімімен, ерекше дастарханымен және қарқынды дамып жатқан мейрамхана кәсібімен қызықтырады. Мұнда қазақтың дәстүрлі ұлттық тағамдарын да, түрлі ұлыстардың асын да, сондай-ақ, халықаралық тағамдардың авторлықжұмысын да татып көресіз.

Алайда бұл саланың танымалдығы артыпкеле жатқанына қарамастан, Алматыда гастрономиялық бағытта қызмет көрсететін гидтер жоқтың қасы. Бұл жағдай бағытты дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Бұған байланысты Almaty Tourism Bureau Алматыны өңірдің гастрономиялық астанасы ретінде дамытуүшін арнайы гастрономиялық гид әзірледі.

Гидке 140-тан астам ерекше тағамдар мен дастархан ұсынатын мекемелер енген. Мұнда қалада гастрономиялық тәжірибе алуға арналғанбағыттар, идеялар мен сценарийлер қамтылған. Бұл сценарийлер кәсіби гидтер мен тағам саласындағы сарапшылардың қолдауыменжасалған, сондықтан туристер үшін ұмытылмасәсер қалдыруы сөзсіз.

Гид бірнеше тақырыптық бағытты қамтиды. «Классикалық тур» Алматының тарихынтағамдар арқылы таныстырады. «Дәстүрлі гид» қазақ ұлттық тағамдарына терең үңілуге мүмкіндік береді. «Мульти мәдени гид» еліміздіңмәдени алуан түрлі екенін ас мәзірі арқылыкөрсетеді. «Тау мен гастрономия» бағытыбелсенді демалыста татып көруге тұрарлық дәм топтасын ұсынады. Сонымен қатар, «Инстаграмбл-маршрут» көркем локацияларды, ал Art&Eat концептуал әрі өнерге бағытталған орындарды таныстырады.

Гид, сондай-ақ, көше тағамдары мен барларға арналған бағыттарды қамтиды. Бұдан бөлек, Алматыға ғана тән ерекше тағамдар мен сапарданестелік ретінде алып кетуге болатын азық-түлік кәдесый тізімі де енгізілген.

Жоба үш тілде — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалған, бұл оны кең аудитория үшін қолжетімді етеді. Гидтің баспа нұсқасы туристерге таратылмақ, ал ағылшын тіліндегі нұсқасы шекаралық бақылау пункттерінде және туристік ақпараттық орталықтарда қолжетімдіболады.

Гидті жасау – гастрономиялық туризмді дамытудың жаңа кезеңі ғана емес, сонымен қатар, Алматыны заманауи әрі қонақжай қала ретіндетанытудың бір мүмкіндігі. Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, басты назар түсінікті құрылым мен ыңғайлы бағыт-бағдарға берілген: жеңіл оқылады, бағыттар мен мекемелер логикаға сай топтастырылған.

Мекемелерді таңдау кезінде танымалдық деңгейі мен рейтингтер ғана емес, сондай-ақ, олардың атмосферасы, тағам сапасы және бірегей концепциясы ескерілген. Гидте мекемелер санаттар мен қаланың әртүрлі аудандарына қарай жіктеліп, мекен жайлары, жұмыс уақыты мен байланыс деректері көрсетілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.