Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Алатау ауданында жаңа алма бақтары пайда...

Алматының Алатау ауданында жаңа алма бақтары пайда болды

Әлеумет 27.04.2024, 13:49 1,009
Алматының Алатау ауданында жаңа алма бақтары пайда болды
Сурет Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Алматы әкімі Ерболат Досаев дәстүр бойынша тұрғындармен бірге алма ағашын отырғызды. «Таза Қазақстан» республикалық науқаны мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Алматы – бақ қала» акциясы өтті.


Негізінен көшеттер Саялы шағын ауданындағы Қарағайлы орманға, «ALA» саябағында және Боралдай өзенінің бойында бақылау алаңының жаны сынды Алатау ауданындағы үш жерге егілді. 



Қарағайлы орманындағы акцияға Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысты. Тұрғындар мен экобелсенділермен бірге ҮАК бойындағы саябаққа 500 алма және 500 өрік көшеті отырғызылды. Ал «АLA» саябағының аумағында 2270 көшет отырғызылды.



Іс-шараға «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистерімен қатар, Әлішер Кәрімов, Анар Батырхан, Мәдина Сәдуақасова және т.б. 1500-ден астам қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты. 


Скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмилә Серкебаева бұл акция адамдарды қаламызды көгалдандыру және таза ұстау идеясының төңірегінде біріктіргенін және ол дәстүрге айналуға тиіс екенін атап өтті.



«Алматы қаласы әкімдігіне экологиялық іс-шараны ұйымдастырғаны үшін көп рахмет. Өте жақсы ұйымдастырылған, алматылықтар осы игі іске шын ықыласымен қатысып жатыр. Ағаш отырғызуға менің көптеген әріптесім, шығармашылық адамдар, сондай-ақ қаланың әртүрлі ұйымының өкілдері атсалысты. Бұл мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін цирк, хайуанаттар бағының, кітапханалардың, музейлердің, оркестрлердің қызметкерлері мен артистері. Бәріміз акцияны қолдауға келдік. Ең бастысы, біз қаламызды өте жақсы көреміз және оның бұрынғыдан да жасыл әрі таза болғанын қалаймыз. «Алматы – біздің ортақ үйіміз» керемет науқан», - деп сөзін түйіндеді артист. 



Студент, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рауан Есжанов Алматы қаласы әкімдігіне осындай маңызды оқиғаны өткізгені үшін ризашылығын білдірді. «Бұл акция жастар мен өскелең ұрпақ үшін үлгі болғандықтан, ағаштарды отырғызып қана қоймай, одан әрі табиғатқа қамқорлық жасау да маңызды. Аға буынмен бірге ағаш отырғызуға қатысқандарыңыз үшін рахмет», - деді ол.


Естеріңізге сала кетейік, акция барысында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды, оның ішінде 4 мыңнан астамы алма. «Қарағайлы орманы» саябағының аумағында 500 алма және өрік көшеті, «ALA» саябағының аумағында 2270 көшет және Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында 1000-ға жуық көшет отырғызылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бақ қала #Алма ағашы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.