Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Алатау ауданында алғаш рет Қарасу көлі т...

Алматының Алатау ауданында алғаш рет Қарасу көлі тазартылды

Әлеумет 14.11.2024, 15:36 885
Алматының Алатау ауданында алғаш рет Қарасу көлі тазартылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда Қарасу көлінің түбінен 53 тонна қоқыс шығарылды

Алматыда Қарасу көлінің түбінен 53 тонна қоқыс шығарылды

 

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданындағы жұмыс сапары барысында Қарасу көлін тазарту жұмыстарының нәтижесімен танысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қарасу шағын ауданының тұрғындары көлді тазарту туралы қала әкімінен көмек сұраған болатын. Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясымен келісілген жоба әзірленді. Су қоймасын механикалық тазалауды мердігер – «TOLAGAI-2050» ЖШС-2023 жылдың наурыз айында бастап, қыркүйекте аяқтауға тиіс еді. Алайда жобаның аяқталу мерзімі биылғы жылдың тамызына ауыстырылды, себебі түбіндегі лайдың қалыңдығы жобалау кезінде болжанғаннан бірнеше есе көп болып шықты (30 см орнына 100-120 см). Сонымен қатар, ауыр техниканың өтуі үшін көлдің түбінен уақытша жол салу қажеттілігі де мерзімге әсер етті. Бастапқыда тазарту жұмыстарын топырақ қатқан қыс мезгілінде жүргізу жоспарланған еді.

Көлді тазарту жұмыстары аяқталған соң уақытша жол лаймен бірге шығарылды. Айта кету керек, бұл жұмыс тоған тарихында алғаш рет жүргізілді. Соның нәтижесінде көлдің түбінен 53 тонна қоқыс және 10 мың текше метр лай шөгіндісі шығарылды. Сонымен қатар, су деңгейін реттеу және оның жағаға асып кетуін болдырмау үшін су ағызу құрылыстары салынды.

Жоба қалалықтардың шағымданған бірнеше мәселесін шешуге мүмкіндік берді: бірінші кезекте, тазарту арқылы су айдынының экологиялық тепе-теңдігі мен биологиялық алуан түрлілігі қалпына келеді. Көл тұрғындар мен қала қонақтары үшін қайтадан демалуға ыңғайлы орынға айналады.

Сапар барысында Қарасу шағын ауданының тұрғындары көлді тазарту жұмыстары үшін алғыс білдіріп, әкімнен су қоймасы маңында жаяу жүргіншілер аймағын салуды өтінді. Бұған жауап берген Алматы әкімі Ерболат Досаев өзінің тапсырмасымен спортпен шұғылдануға арналған серуендеу және белсенді демалыс аймақтарын салуды қамтитын көріктендіру жобасы әзірленетінін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,192 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.