Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыны Жаңа жылға қалай және қашан безендіреді?

Алматыны Жаңа жылға қалай және қашан безендіреді?

Әлеумет 05.12.2023, 06:09 1,202
Алматыны Жаңа жылға қалай және қашан безендіреді?
Сурет: Қайрат Қоныспаев

Шыршалар, ертегі кейіпкерлерінің фигуралары және мерекенің басқа атрибуттары желтоқсан айының ортасында мегаполис көшелерінде пайда бола бастайды.


Қазіргі уақытта ашық конкурс өтіп жатыр, оның қорытындысы бойынша қандай компания және жаңа жылға қарай қаланы безендірумен қандай сомаға айналысатыны анық болады. Дизайн бойынша негізгі жұмыс желтоқсан айының ортасында басталады. Бұл туралы ӨКҚ брифингі барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Журналистердің сұрақтарына жауап берген Арман Қырықбаев ұзындығы 20 метр болатын жаңа жылғы басты шырша Абай атындағы алаңда орнатылатынын айтты. Оны салтанатты түрде 20 желтоқсанда жағылып, мерекелік концерт 20 желтоқсанда өтеді.



«Барлық тілек білдірушілер оған қатыса алады. Жалпы, Жаңа жылда қалада 60-тан астам шырша орнатылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі тақырыптық іс-шаралар өтеді - бұл жаңа жылдық қысқы фестиваль, түрлі шеберлік сыныптары, жас суретшілердің сурет көрмелері, аниматорлар бағдарламалары, концерттер және мобилографтар арасында жаңа жылдық үздік бейнероликтерге арналған байқау. Алғаш рет туыстары мен жақындарына сыйлықтар сатып алуға болатын аудандарда жаңа жылдық жәрмеңке ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ Аяз Аталар шеруі өтеді»,  - деп хабарлады А. Қырықбаев.



Жыл сайын ШОБ, ірі сауда орталықтары және басқа да субъектілер жаңа жылдық безендіруге белсенді қатысады және келушілерді қуантқысы келеді.


Қаланы безендіруде жарық композицияларының бірыңғай стильде болуына басты назар аударылады. Жаяу жүргінші көшелері (Панфилов және Жібек жолы), Абай және Астана алаңдары, Тұңғыш Президент саябағы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының, Н. Сац атындағы жасөспірімдер театрының, «Алматы арена» мұз кешенінің алдындағы алаңдар, сондай-ақ әрбір аудандағы тартымды нүктелер инсталляциялармен, иллюминациялармен және фото-аймақтармен безендіріледі.


Арман Қырықбаев жаңа жылдық безендіру кезінде пайдалануға жарамды өткен жылғыдан қалған конструкцияларды пайдалану жоспарланғанын атап өтті. 


Ал жаппай сырғанау үшін қалада 22 ашық мұз айдыны ұйымдастырылады. Ашық мұз айдындарының аумағында спорттық-ойын-сауық бағдарламаларын, конкурстарды, флешмобтарды, жүлделермен ұтыс ойындарын, демалыс аймақтары мен кофе-пойнттарды ұйымдастыру жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа жыл #дайындық #Безендіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.