Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтарға жазғы демалыс кезінде балаларды қау...

Алматылықтарға жазғы демалыс кезінде балаларды қауіптен қалай қорғауға болатынын айтты

Әлеумет 20.07.2024, 12:01 1,128
Алматылықтарға жазғы демалыс кезінде балаларды қауіптен қалай қорғауға болатынын айтты
Алматы ТЖД

Балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері - бұл кешенді міндет.

Бұл туралы Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Дарын Мұқанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Балалардың қауіпсіздігі тек балаларға ғана емес, сонымен қатар ата-аналарға да қатысты. Өйткені, балалармен болған оқиғалардың басым бөлігі ересектердің бақылауы жоқтығынан және балаларға қарапайым ережелерді түсіндірмеуінен болады.
 
Бірақ барлық ата-аналар баланы қалай қорғауға және ықтимал қайғылы жағдайлардың алдын алуға болатындығын білмейді. Балаларда өрт қаупі сезімін қалыптастыру, тұрмыстық техникамен қауіпсіз жұмыс істеу және өрт болған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру қажет.
 
ӨКҚ спикері балалардың отпен ойнауы қандай қауіптер әкелетіні туралы, сондай-ақ өрт болған жағдайда жүзеге асырылуы тиіс іс-қимылдар алгоритмі туралы айтты.

"Бірінші жартыжылдықта бізде 346 өрт болды, оның 4-і "балалардың өртпен ойнауы" себебінен", - деді Д.Мұқанов.

Өз кезегінде, ТЖД қызметкерлерімен "Қауіпсіз үй" айлығы шеңберінде 29 маусымнан бастап 1000-нан астам (28 метрден жоғары) биік үйлер ақпараттық-түсіндіру жұмыстармен қамтылды,  7,5 мың адамды қамтыған 140 тұрғындармен  кездесу өткізілді, "Тұрмыстағы қауіпсіздік шаралары", "Жер сілкінісі кезіндегі 10 қадам" "Балалардың терезеден құлауы" тақырыптарына 70 мыңнан астам жадынама таратылды.

Балалармен болған қайғылы жағдайдың ең көп тараған себептерінің бірі-балалардың терезеден құлап кетуі. Жыл басынан бері осындай екі факт тіркелді.
 
"Терезеден құлау-балалар жарақаты мен өлімінің негізгі себептерінің бірі. Баланы терезеден құлаудан қалай қорғауға болады? Көп жағдайда біздің балаларымыздың құлауы қалада, көп пәтерлі тұрғын үйлерде болады. Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстату керек. Ешқашан шыбын-шіркейге арналған торға сенбеңіз, олар құлаудан қорғамайды. Сондай-ақ, терезелерге бекіткіштер мен торларды орнату қажет. Биыл 2 факт тіркелді, өткен жылы балалардың терезеден құлауының 8 фактісі орын алды", - деді ол.
 
Алматы тұрғындарына балалардың отпен ойнау себебінен болатын өрттің алдын алу шаралары туралы еске салынды:

- балаларға өрт қауіпсіздігі туралы айтып беріңіз;
- балаға қызық болу үшін, үйден біраз уақытқа алыстаңыз, оған тапсырма беріңіз, ойын тақырыбын айтыңыз, қажетті ойыншықтарды таңдаңыз;
- сіріңкелер мен оттықтар балаларға арналған ойыншық емес. Оларды балаларға қол жетімді жерлерде қалдырмаңыз;
- үйде пеш жағуды кішкентай балаларға сеніп тапсырмаңыз және жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз;
- барлық ашық электр розеткаларын "өшіріңіз", бұл үшін кез-келген тұрмыстық дүкенде сатылатын және өте арзан болатын арнайы пластикалық түтіктерді қолданыңыз;
- электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз. Балаларды оларды дұрыс қолдануға үйретіңіз;
- өрт, апат және т. б. жағдайлардағы әрекетке үйретіңіз;
- балаңыз үйінің мекен-жайын біле ме, тексеріңіз.
 
Төтенше жағдайда балаларға көмекке қайда жүгіну керектігін білу маңызды. Тәулік бойы жұмыс істейтін және кез келген уақытта көмекке келуге дайын жедел қызмет нөмірлерін есте немесе ұялы телефонға сақтаңыз.

Жедел қызмет нөмірлері:

101 –  өртке қарсы қызмет;
102 – Полиция;
103 –  Жедел медициналық көмек;
111 – отбасы, әйелдер және балаларды қорғау мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы;
112 –  шұғыл қоңырау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #қауіп #Алматы ТЖД
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.