AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтарға халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз...

Алматылықтарға халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері айтылды

Әлеумет 29.03.2023, 15:41 1,271
Алматылықтарға халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері айтылды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Әлеуметтік кодекс нормаларын түсіндіру бойынша жұмыс сапары аясында Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтты, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа Әлеуметтік кодексте икемді жұмыспен қамтудың барлық түрлері заң жүзінде бекітіліп, реттелетін болады.



«Ұсынылған жаңа тәсілдер келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады. Біріншісі – еңбек нарығын ырықтандыру. Бұл икемді жұмыспен қамтудың барлық түрлерін, соның ішінде платформалық жұмыспен қамтуды мойындауды білдіреді», - деді Н.Сағындықова.



Бұл норма, спикердің айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды ықтимал әлеуметтік тәуекелдерден қорғауды, ал олар туындаған жағдайда әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етеді. Осы мақсатта «тәуелсіз жұмысшы» ұғымы енгізілді. Бұл еңбек қызметі табыс әкелетін, бірақ сонымен бірге уәкілетті органдарда ресми мемлекеттік тіркеуі жоқ тұлға.



«Мұндай жұмысшылардың қызметі, егер олар онлайн платформалардың ұсынысына қосылса немесе жария келісімшарт жасаса, заңды жұмыспен қамтылған деп танылады», - деп қосты спикер.



Мәселен, такси жүргізушілері мен курьерлер әлеуметтік салық режимімен қамтылатын болады. Осы санаттағы қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды онлайн платформалар операторлары жүзеге асыратын болады.


Сонымен қатар, цифрлық жұмыспен қамту орталықтарын енгізу мәселесі қарастырылуда. Спикердің айтуынша, қазіргі жүйе өңірлік еңбек нарықтарын дамыту бойынша барлық бастамалар мен бағдарламаларды үйлестіретін мобильді орталықтарға айналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жұмыс #Сағындықова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);