Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтар шағын және микро бизнесті дамытуға 2...

Алматылықтар шағын және микро бизнесті дамытуға 2 млрд теңгеге жуық жеңілдікті несиеге ие болды

Әлеумет 15.07.2024, 15:00 835
Алматылықтар шағын және микро бизнесті дамытуға 2 млрд теңгеге жуық жеңілдікті несиеге ие болды
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Алматы" ӘКК" АҚ еншілес ұйымы - «Almaty» МҚҰ» ЖШС жарты жыл ішінде Алматының шағын және микро бизнес субъектілеріне 1,9 млрд. теңге сомасына 60 жеңілдікті несие берді. «Almaty Business-2025» бағдарламасы аясында бизнестің жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген өкілдері істі дамыту үшін жылдық 2%, 6% (кепілді) немесе 12%* (кепілсіз) жеңілдікті мөлшерлеме бойынша несиеге ие болды. Ақша жабдықты, шикізатты сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға, бизнестің басқа да қажеттіліктерін жабуға бөлінеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

МҚҰ-дағы қарыздың шекті сомасы 73 840 000 теңгені құрайды, мерзімі 7 жылға дейін. Биылғы жылы ең көп қарызды өндіріс және қайта өңдеу жобалары бар кәсіпкерлер алды – 32%, екінші орында – халыққа қызмет көрсету жобалары (13%), үшінші орында – денсаулық сақтау (12%). Одан әрі әлеуметтік және білім беру бастамаларын қолдау бар (әрқайсысы 10%). Сондай-ақ, креативті экономика, сауда, туризм және спорт жобалары қаржыландырумен қамтамасыз етілді. 

«Алматы» МҚҰ» ЖШС 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. «Almaty Business-2025» бағдарламасы аясында МҚҰ 2 200-ден астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, 540-тан астам шағын және микро бизнесті қаржыландырды. Қазіргі уақытта жеңілдікті қаржыландырудың жалпы сомасы 12 млрд теңгеге жақындап келеді», - деп атап өтті «Almaty» МҚҰ Басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов. 

Жеңілдетілген несиелеу туралы толығырақ +7 (727) 390 80 42 номері арқылы немесе https://mfoalmaty.kz/ сайтынан біліңіз.

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жеке есептеледі және жылдық 13% аспайды

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бизнес #шағын бизнеске қолдау #несие #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.