конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Алматылықтар Құрылтай сайлауында белсенді дауыс бе...

Алматылықтар Құрылтай сайлауында белсенді дауыс беруді жалғастырып жатыр

Құрылтай Бүгін 14:10 46
Алматылықтар Құрылтай сайлауында белсенді дауыс беруді жалғастырып жатыр

Сайлау учаскелеріне отбасылар, еңбек ұжымдары, алғаш рет дауыс берушілер және қаланың егде жастағы тұрғындары келуде. Кейбір учаскелерде кезек қалыптасқан, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Таңертеңнен бері кейбір сайлау учаскелерінде тұрғындар легі көп. Атап айтқанда, №616 учаскеде тіркеу үстелдерінің алдында оқтын-оқтын кезек пайда болып, күні бойы сайлаушылар саны артып келеді.

Сайлауға әр буын өкілдері қатысып жатыр. Ең егде сайлаушылардың бірі Бостандық ауданының 102 жастағы тұрғыны Анна Архиповна Лукавская. Ол 1924 жылғы 14 мамырда дүниеге келген. Бүгін сайлау құқығын пайдаланып, дауыс берді.

Дауыс берушілер арасында сайлауға алғаш рет қатысып жатқандар да бар. Жас алматылықтар сайлау учаскелеріне жеке, отбасымен және әріптестерімен бірге келіп жатыр.

Сайлауға спорт пен мәдениет саласының белгілі өкілдері де қатысты. XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, спорттық гимнастикадан Азияның үш дүркін чемпионы Нариман Құрбанов №80 бөбекжай-балабақшада орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Мен үшін ел өміріне спортшы ретінде ғана емес, азамат ретінде де белсенді араласу маңызды. Бүгін сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасадым. Елдің болашағы әрқайсымыз қабылдайтын осындай шешімдерден қалыптасады деп сенемін», – деді спортшы.

КСРО халық артисі Бибігүл Төлегенова да дауыс беруге қатысты. №558 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері тасымалданатын дауыс беру жәшігін алып, оның үйіне барды. Үйде дауыс беру денсаулық жағдайына немесе басқа да себепке байланысты сайлау учаскесіне жеке келе алмайтын азаматтар үшін ұйымдастырылған.

Сайлау күні Алматыдағы кейбір учаскелерде жәрмеңке өтіп жатыр. Тұрғындар мұнда көкөніс, жеміс-жидек пен мектепке қажетті керек-жарақтарды қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Алматы Азаматтық альянсының төрағасы Қайыржан Әбдіхалықов сайлау учаскесінде дауыс бергеннен кейін байқаушылардың жұмысы мен қала тұрғындарының белсенділігіне ерекше тоқталды.

«Сайлау барысын халықаралық байқаушылардың бақылауы маңызды. Бұл біздің ашықтығымыз бен демократиялық үдерістерге дайын екенімізді көрсетеді. Азаматтарымыздың белсенділік танытып жатқаны қуантады», – деді Қайыржан Әбдіхалықов.

Оның айтуынша, сайлау учаскесінде дауыс берудің ұйымдастырылу барысына қызығушылық танытқан екі халықаралық байқаушы болған. Сондай-ақ ол сайлау үдерісін бақылауда тәуелсіз байқаушылар мен партиялардың сенім білдірілген өкілдерінің рөліне назар аударды.

Осылайша, Алматыдағы сайлау учаскелерінде күні бойы тұрғындардың белсенділігі сақталып отыр. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сайлау учаскелері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әскери институт курсанттары өз таңдауларын жасады

Бүгін 15:13

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт – филиппиндік бақылаушы

Бүгін 15:11

Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері: Алматының танымал спортшылары сайлауға қатысты

Бүгін 15:10

Алматының бірқатар бағытында қоғамдық көліктегі жолаушылар саны артқаны байқалады

Бүгін 15:08

Қазақстандағы сайлау учаскелері жоғары деңгейде дайындалған – Элла Памфилова

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);