AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылықтар көпбалалы анаға қол ұшын берді

Алматылықтар көпбалалы анаға қол ұшын берді

Барлығы 30.12.2025, 14:04 944
Алматылықтар көпбалалы анаға қол ұшын берді
Сурет: видеодан скрин

Өңірлік коммуникациялар қызметі біраз күн бұрын көпбалалы ана Гүлзира Сарсембаева туралы сюжет жасаған болатын. Бес баланы бір өзі асырап, бірнеше жерде жұмыс істеп жүрген осындай батыр анаға болысқысы келгендер көп ұзамай хабарласып, Гүлзираға көмектескісі келетінін айтқан.

Алғашқылардың бірі болып алматылық Ирина қоңырау шалды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Істегенін дабыралатпай, артық ештеңе айтпай, Ирина азын-аулақ қаржы аударды. Сюжетті Линара деген кәсіпкер де көрген екен. Ол да үнсіз қалмауды жөн көріп, балаларға бастан-аян киім-кешек алып беретін болды. 

Жаңа жылдың алдында бәрі бірге «Алматы моллға» барып, балаларға киім таңдады. Кәсіпкер киім ғана алып бермей, қаржылай көмек те берді. 

Қала тұрғындарының сюжетке қолдау білдіргенін көріп, жанашыр да мейірімді жандар арамызда көп екеніне көзіміз жетті. Осындай игі іске ұйытқы болғанымызды мақтаныш етеміз. 

Қиын жағдайға тап болған жандар туралы сюжетті Өңірлік коммуникациялар қызметі алда да жалғастырмақ ойда. Өйткені, мұндай көмекке мұқтаж адамдар әлі көп.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көпбалалы анаға көмек #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);