AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылықтар әскерге шақырылушыларды салтанатты жа...

Алматылықтар әскерге шақырылушыларды салтанатты жағдайда шығарып салды

Барлығы 20.05.2025, 15:43 1,083
Алматылықтар әскерге шақырылушыларды салтанатты жағдайда шығарып салды
Сурет: Gov.kz

Көктемгі әскерге шақырылған елу алматылық Қарағанды облысындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімінде қызмет ететін болады.

Жастарды әскерге қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, туыстары мен жақындары шығарып салды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

– Қызмет барысында өз бойларыңдағы табандылық, төзімділік сияқты маңызды қасиеттерді дамыта аласыздар. Әскерде тәртіпке үйреніп, дене дайындығы тұрғысынан шыңдалып шығасыздар. Армия өмірге бейімделуге үйретеді, – деді Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Талғат Өзехан.

Мерзімді әскери қызметке жіберілмес бұрын әскерге шақырылушылар үш күн бойы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қалалық жинақтау пунктінде болды. Олар медициналық комиссиядан, психологиялық тестілеуден өтті. Әскери бөлімдердің өкілдерімен әңгімелесті.

– Ұлым Радион әскери қызметін өтеуге еш ойланбастан келді. Бұл жерде алғашқы күннен жылы шырайлы қарым-қатынасты сезіндік. Кездесулер мен әңгімелдесуледің бәрі түсіністік жағдайында өтті. Ұлым үшін алаңдауға еш негіз жоқ, – деді шақырылушының анасы Ирина Кисель.

Естеріңізге сала кетейік, осы көктемде әскерге 1500-ден астам алматылық шақырылады. Бүгінгі таңда 1000-нан астам жас мерзімді қызмет өткеру үшін әскери бөлімдерге жіберілді.

Әскерге шақырылушылар Қорғаныс министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерінде қызмет ететін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әскер #шығарып салу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);