AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтар 5 күнде 10000 пластикалық бөтелке жин...

Алматылықтар 5 күнде 10000 пластикалық бөтелке жинап, циркке билет алды

Әлеумет 23.04.2024, 06:00 1,144
Алматылықтар 5 күнде 10000 пластикалық бөтелке жинап,  циркке билет алды
Сурет: Aлматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы бойынша өткізіліп жатқан «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Қазақ мемлекеттік циркінде «15 пластикалық бөтелке тапсырып, циркке билет алыңыз» акциясы өтті. Акция 15-19 сәуір аралығында өткізілді. 


Акция барысында әркім цирк аумағында арнайы орнатылған жәшіктерге пластикалық бөтелкелерді тапсыра алады. Акциядан кейін жиналған барлық бөтелке қайта өңдеуге жіберілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Бес күннің ішінде алматылықтар 10000-ға жуық пластикалық бөтелке тапсырып, цирктегі «Шұлықсыз» халықаралық бағдарламасына 595 билет алды.


4 мамырдан 2 маусымға дейін мерейтойлық тур аясында Алматы циркінде әлемге әйгілі мәскеулік «Шұлықсыз» клоун триосының қойылымы өтеді. Цирк бағдарламасына акробаттар, эквилибристер, арқанмен жүрушілер, әуе гимнасттары, үйретілген аюлар мен иттер қатысады.


Мәскеудің «Шұлықсыз» сайқымазақтары Монте-Карлодағы халықаралық цирк фестивалінің жеңімпазы атанған. 


Билеттің бағасы 2000-нан 6000 теңгеге дейін, 4 жасқа дейінгі балаларға тегін. Бағдарламаның ұзақтығы 1 сағат 20 минут.


Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады. 


Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.


Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #пластикалық бөтелке #циркке билет #акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);