Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтар 197 келі қайта өңделетін шикізат тапс...

Алматылықтар 197 келі қайта өңделетін шикізат тапсырды

Әлеумет 16.04.2024, 10:40 1,071
Алматылықтар 197 келі қайта өңделетін шикізат тапсырды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

«Қоқысты кофе/снэкке айырбаста»: акцияның бірінші күнінде алматылықтар 197 келі қайта өңделетін шикізат тапсырып, 128 азық-түлік купонын алды 


Қалада басталған «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында 15 сәуірде «қоқысты кофе/снэкке айырбаста» акциясы басталды. Ол 2024 жылдың 8 мамырына дейін жалғасады. Акция қалдық мәселесіне көңіл аударып, қайта өңдеудің маңыздылығы туралы хабардар болуға бағытталған.


Қала қонақтары мен тұрғындары акцияға белсенді қатысуда. Қатысушылар қайта өңдеуге қайталама шикізат тапсырып, оның орнына азық-түлікке сыйлық купонын алып жатыр.




«Қоқысты кофе/снэкке айырбаста» қалалық акциясының бірінші күні қала тұрғындары қайта өңдеуге арналған 197 келі материалды (45 келі пластик, 31 келі алюминий, 70 келі макулатура, 51 келі шыны) қабылдау пункттеріне тапсырды. Айырбастау үшін оларға кофе/бургер/донер/пицца айырбастау үшін 128 купон берілді. Акция жалғасуда. 



Іс-шараға Алматы қаласының барлық тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Қатысушыларға макулатура, пластикалық бөтелкелер, алюминий банка, шыны бөтелкелерді қосқанда қайта өңдеу үшін белгілі бір мөлшерде қайта өңдеуге арналған шикізатты өз бетінше жинау ұсынылады.


Жиналған материалдар қайталама шикізатты қабылдау пунктіне келесі мекен-жай бойынша тапсырылады:


Қабылдау пункттері:
1.Алатау ауданы, Ecosen, Нұркент ықш., 7/1
2.Алмалы ауданы, Ecosen, Байзақов көш., 73/1
3.Әуэзов ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, 8-ықшамаудан, 58а
4.Әуезов ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, Ақсай-3, ықш.,1а/1
5.Бостандық ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, Тимирязев, 81/3 киоск
6.Бостандық ауданы, Ecosen, Розыбакиев, 247/3
7.Медеу ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, Самал-1 ықш., 32 киоск
8.Медеу ауданы, «Hello Eco» эко-тауар дүкені, Самал-2 ықш., 56А үй
9.Жетысу ауданы, Қазыбаев, 264а (Карина Trading)
10.Наурызбай ауданы, Райымбек, 548/2
11.Түрксіб ауданы, Жас Қанат, 1/28
 
Әр материал үшін купон түрінде 5 түрге айырбастау ұсынылады: пицца, бургер, кафе, донер мен додстер купондары. 


Берілген әрбір купонның осы науқанға қатысатын тамақтану орындарының мекен-жайы бар өзінің бірегей промокоды болады.



Қатысушылар қайта өңделетін заттарды келесі шарт бойынша купонға айырбастай алады.


- 2 келі макулатураны (қағаз, картон)  кофе купонына;
- 1 келі пластик бөтелкені (ПЭТ-бөтелке) бургер купонына;
- 1 келі алюминий банканы донер немесе додстера купонына;
- 3 келі түссіз шыны (түссіз) бөтелкені пицца купонына.
 
Купондардың жарамдылық мерзімі — 2024 жылдың 8 мамырына дейін. 
Акцияның серіктестері компаниялары — Salam Bro, Dodo Pizza, Gippo, Degirmen.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалық #акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.