ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматылық травматологтар ғасыр жасаған кейуананы қ...

Алматылық травматологтар ғасыр жасаған кейуананы қайта аяққа тұрғызды

Медицина 22.04.2025, 14:02 543
Алматылық травматологтар ғасыр жасаған кейуананы қайта аяққа тұрғызды
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы
Алматы қалалық Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жуырда жасы жүзге толған Мария апа түсті. Үйінде абайсызда құлап қалған кейуанаға жедел жәрдем қызметі дереу көмек көрсетіп, ауруханаға...

Алматы қалалық Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жуырда жасы жүзге толған Мария апа түсті. Үйінде абайсызда құлап қалған кейуанаға жедел жәрдем қызметі дереу көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Тексеру нәтижесінде сол жақ жамбас сүйегінің сынуы, нақтырақ айтқанда, сүйек бөліктерінің ығысуымен асқынған күрделі жарақат анықталды.

Мұндай диагноз кез келген адам үшін ауыр соққы екені анық. Ал ғасыр жасаған әжей үшін бұл – өмір мен өлім арасындағы үлкен сынақ.

Дәрігерлер науқас ауруханаға жеткізілген күні-ақ оған шұғыл түрде жабық репозиция және остеосинтез әдісі арқылы «Гамма» типті интрамедуллярлық штифтпен жамбас сүйегін бекіту отасын жасады. Бар болғаны 30 минутқа созылған бұл күрделі ота сәтті аяқталды.

Травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Медет Жанысовтың жетекшілігімен жасалған отаға ассистент Исламбек Нұрмахашев, анестезиолог Әлібек Сатыбалдиев және оталық медбике Әсел Абылғазинова қатысты. Кәсіби шеберлік пен командалық үйлесімді жұмыстың арқасында Мария апа бірнеше күннің ішінде жүруге арналған көмекші құралына сүйене отырып қозғала бастады. Жетінші күні оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, амбулаториялық ем алу үшін үйіне шығарылды.

– Жүз жас – үлкен белес. Ал осындай жасқа келген адамның қайта жүріп кеткенін көру – біз үшін зор мәртебе. Бұл – уақтылы көрсетілген медициналық көмектің, заманауи тәсіл және ең бастысы, науқастың өмірге деген құлшынысының жемісі, – дейді бөлімше меңгерушісі Медет Жанысов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.