ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматылық студенттер "Заң мен тәртіп" қағидатын те...

Алматылық студенттер "Заң мен тәртіп" қағидатын телекөпір форматында талқылады

Заң мен тəртіп 22.01.2026, 17:59 470
Алматылық студенттер "Заң мен тәртіп" қағидатын телекөпір форматында талқылады
сурет: автордан
Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері үшін «Заң және тәртіп» идеологиясын түсіндіру мақсатында телекөпір форматында кездесу өтті.

Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері үшін «Заң және тәртіп» идеологиясын түсіндіру мақсатында телекөпір форматында кездесу өтті.

Жастармен кездесуге Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №11 мекеменің Сотталғандар арасындағы әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы әділет майоры Мият Қанатов, осы мекеменің әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысының қызметкері Еркегүл Жеңісхан, Алмалы ауданының бөлім прокуроры Ерназар Саймасай, Алмалы ауданы ПБ ҚҚБ ЮПБ аға инспекторы полиция майоры Меруерт Симова және полиция аға лейтенанты Жұмабек Алтынбек қатысты.

Олар заң пен тәртіп кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізі екенін, мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың да, азаматтық қоғамның да заң нормаларын қатаң сақтауымен ғана мүмкін екенін атап өтті. Жастар меймандарға заң мен тәртіп төңірегіндегі сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.

Телекөпірге №11 мекемеде, яғни балалар колониясынында жазасын өтеп жатқан Бақдәулет есімді жасөспірім де онлайн қосылып, ол да сөз алды. Бас бостандығынан айырылған бозбала бұл жолға қалай түскенін, қандай жаза арқалағанын және заңға бағынбай тәртіп бұзғанына өкінетінін де тілге тиек етті. Колледж студенттерін, яғни замандастарын сондай қателіктерге ұрынбауға, бостандықтағы өмірдің қадірін білуге шақырды.

«Біз жастардың бойында заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырып отырамыз. Кез келген баланың жолдан тайып кетпеуін, жақсы азамат болып өсуін қалаймыз. Осынау егемен еліміздің болашағы бүгінгі жастардың қолында екенін үнемі айтып жүреміз. Қоғамның, айналаның, адамдардың, үлкен-кішінің қауіпсіздігі бізге де байланысты, ол үшін білімді, тәртіпті, патриот болу шарт екенін де қайталаудан жалықпаймыз. Сонда ғана құқықтық мемлекетті нығайта аламыз. Міне, қазір ғана телекөпірде сотты болған жеткіншек сөйледі. Оның іс-әрекеті бізге сабақ болуға тиіс. Жастар осындай кездесулер арқылы заң талаптарын бұзудың құқықтық салдарын түсінуі, заң нормаларын сақтаудың маңыздылығын біліп жүруі керек деп ойлаймын», – дейді Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Күнімай Омарова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.