AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматылық студент өзі оқитын колледжге төрт рет «б...

Алматылық студент өзі оқитын колледжге төрт рет «бомба қойды»

Оқиға 21.03.2023, 09:59 1,423 Аlmaty-akshamy.kz
Алматылық студент өзі оқитын колледжге төрт рет «бомба қойды»
сурет: ulysmedia.kz

Студент жарылғыш құрылғы жасырылғаны туралы төрт рет жалған хабарлама жасаған.


Алматылық студент колледжде сабақ болдырмау үшін бомба туралы жалған хабарламалар таратқан, - деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Рolisia.kz  сілтеме жасап.


Тәртіп сақшыларының айтуынша, жігіт төрт рет - 27, 28 ақпан және 2 наурызда таңертең елді дүрліктірген хабарлама жіберген.



«Алматыда экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Жүргенов атындағы Өнер академиясы колледжінің кәмелетке толмаған студентін анықтап ұстады. Ол оқу орнында жарылғыш құрылғы жасырылғаны туралы бірнеше рет жалған хабарлама жасады деген күдікке ілінді.


Ұсталғаннан кейін және алынған дәлелдемелерді ұсынғаннан кейін ол оқу үлгеріміне байланысты оқу процесін тоқтату үшін осы қылмысты жасағанын мойындады. Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша тіркелді. ІІМ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді. Мұндай қылмыстардың басым көпшілігі кезекші тәулікте ашылады», – деді ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев.



Бұл қылмыс үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік көзделген. Сонымен қатар, сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық залал өтелуге тиіс.


Егер мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда залалды өтеу олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.


Барлық күштің бір шығуына 200-ден 300 мың теңгеге дейін жұмсалады, ал кәсіпорындар мен сауда объектілерінің тоқтап қалуынан келтірілген залал миллиондаған теңгемен есептелуі мүмкін.


Мәселен, қылмыстық істерді тергеу барысында мемлекетке осындай жалған хабарламалармен келтірілген материалдық шығын жыл сайын 500 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін екені анықталды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #студент бомба қойды #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);