Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық саяхатшы Қазақстанның рекордтар кітабына...

Алматылық саяхатшы Қазақстанның рекордтар кітабына кірді

Әлеумет 04.10.2023, 10:31 1,175
Алматылық саяхатшы Қазақстанның рекордтар кітабына кірді
Сурет: видеодан алынды

Атың барда жер таны, желіп жүріп...


Алматылық Мадина Ашилова отбасымен бірге алғаш рет Жер шарын айнала саяхат жасап, Қазақстанның рекордтар кітабына кірді. Жолға шамамен 2 жылдай уақыт кеткен. 40 мың шақырымды, өз көліктерімен жүріп өткен, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Мадина Ашилованың айтуынша шетелге шыққан турист әуелі табиғаттың тосын сыйына дайын болуы тиіс. Әсіресе АҚШ-қа сапары ерекше есте қалыпты. Ол дауылдың дүлей күшін сонда көрген. Бірде күйеуі екеуі түнде келе жатып, Атлант мұхитына 50 шақырым қалғанда дауылға тап болады.


Мадина Ашилова, саяхатшы:


- Америкада жолда мүлдем тоқтауға болмайды. Тек арнайы белгіленген орындарда ғана аялдай аласыз. Ал олар әрбір 50 шақырым сайын орналасқан. Демек қаласаң да, қаламасаң да 50 шақырым жүру керек. Тоқтау қауіпті. Бір жерден қонақүйді байқап, соған бардық. Тура қорқынышты фильмдегідей. Едендері сықырлап, шамдары бір өшіп, бір жанады. Әбден зәре-құтымыз қашты.


Көпбалалы отбасының саяхатын 3 кезеңге бөлуге болады. Біріншісі былтыр жазда басталған. Ерлі-зайыптылар ойламаған жерден Америкаға сапарға аттанады. Бір ай сол елді аралап, 6,5 мың шақырым жол жүреді. Алғашында бөтен елде машинамен саяхаттау қиын көрінгенімен, кейін үйреніп кетеді. Мадина әр мемлекетті аралап, туған жері туралы мәліметпен бөлісуді бала кезден армандағанын айтады.     


Мадина Ашилова, саяхатшы:


- Жолдасым екеуміз сапарға қазақстандық шоколодтармен еліміздің туын ала шықтық. Еуропа елдерінің, Американың тұрғындарына Қазақстанның қай жерде орналасқанын көрсетіп, жан-жақты таныстырдық. Қонақжай, дархан халық екенімізді айттық.


Мадина отбасы мүшелерімен түгел машинамен саяхаттаудың өте әсерлі болғанын айтады. Әкесі рөлде капитан болса, балалар анасымен бірге картадан баратын келесі қаланы таңдап отырған. Олжас пен Мадинаның 5 баласы бар. Қазір 6-шы нәрестесін күтіп жүр. Балалардың іші пыспасын деп әдейі ойын-сауық орындары бар кемпингтерге тоқтап жүрген. Олар ұзын саны 16 мемлекетті аралап қайтқан. Егер Мадина бұрын да шетелге шықса, жолдасымен балалары бірінші рет саяхаттапты.       


Олжас Ашилов, Мадинаның жолдасы:


- Мен рөлде отырсам, қайта демалып отырамын. Романтика сияқты. Күшті болады. Өзім рөлде отырғанды жақсы көремін. Мың километр болсын, 2 мың километр болсын, одан шаршамаймын, мен жүре беремін. Германияда келе жатқанда артымыздан біреу сигнал басып, фарамен нетіп, біздің артымыздан қуып келді. Ол Павлодардан біздің көшкен неміс ұлтының азаматы екен. Бізді көріп қуанып, сол жерде сөйлесіп тұрдық.


Аруна Ашилова, Мадинаның қызы:


- Біз уақыттың қалай тез өткенін білмей қалдық. Бізге өте қатты ұнады. Біз көп күлдік. Өте қатты қызық болды. Маған Париж ұнады. Мен Эйфель мұрарасында суретке түстім. Ол жақта өте жақсы адамдар бар. Біз оларға Қазақстанды таныстырдық. Автомобильмен саяхаттау ұшақпен ел аралағаннан мүлдем бөлек, - дейді Мадина.


Көлікпен жүріп сол мемлекеттің тыныс-тіршілігімен тереңірек танысасың, жақсы-жаманын ажыратып, ой түйесің. Болашақта Ашиловтар отбасы басқа да континенттерге саяхат жасап, тұрғындарын туған елі – Қазақстанмен таныстыруды жоспарлап отыр.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/620667-almatyly-sayakhatshy-aza-stanny-rekordtar-kitabyna-kirdi
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саяхатшы #Әлем #Рекорд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.