ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматылық Сабина Ыдырысова «Miss World 2025» байқа...

Алматылық Сабина Ыдырысова «Miss World 2025» байқауына қатысады

Мәдени Алматы 05.05.2025, 11:34 892
Алматылық Сабина Ыдырысова «Miss World 2025» байқауына қатысады
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мисс Қазақстан 2023» байқауының жеңімпазы Сабина Ыдырысованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Сабина ертең Үндістанға жол тартып, сонда өтетін «Miss...

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мисс Қазақстан 2023» байқауының жеңімпазы Сабина Ыдырысованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Сабина ертең Үндістанға жол тартып, сонда өтетін «Miss World 2025» байқауының ақтық сайысында Қазақстан атынан бақ сынамақ, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұған дейін елімізде өткен сұлулық байқауында жеңіске жеткен Сабина алдағы сапарына қалай дайындалып жатқанын және байқау туралы өз ойымен бөлісті. Оның айтуынша, «Miss World 2025» байқауына қатысу тек атақ үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның мәдениетін, сұлулығын, зияткерлік әлеуеті мен тарихын әлемге танытудың бірегей мүмкіндігі.

– Маған үлкен жауапкершілік жүктелгенін сезініп отырмын. Бұл байқауға жай барып қатысып қайту емес, екі ел арасындағы дәнекер, алтын көпір болу деп түсінемін. Қазақстанды қалай жақсы көрсем, әлем де елімді солай танып, жақсы көрсе екен деймін, – деді Сабина.

Бірнеше айға созылған дайындық барысында Сабина Ыдырысова Кеин Кериш, Ақ Бұлақ және Алтын Емел табиғи аймақтарында визиттік бейнеролик түсірді. Сондай-ақ «Япурай» атты авторлық нөмір дайындап, дефиле, сахналық сөйлеу, макияж және ағылшын тілі бойынша жаттығулар жасады. Дизайнер Дилара Коржовамен бірге этно-модерн стилінде костюмдер әзірлеп, «Beauty with a Purpose» қайырымдылық аукционына арналған зергерлік бұйымдар жасатқан.

11–31 мамыр аралығында Телангана штатында өтетін байқаудың финалына 120 елдің өкілі қатысады. «Miss Kazakhstan» ұйымының өкілдері Сабинаның Қазақстан атын әлемге әйгілейтініне сенім білдіріп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.