AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматылық қымыз жобасы Нью-Йоркте алтын жүлде жеңі...

Алматылық қымыз жобасы Нью-Йоркте алтын жүлде жеңіп алды

Алматы 13.05.2026, 16:25 522
Алматылық қымыз жобасы Нью-Йоркте алтын жүлде жеңіп алды

Алматыдағы JAS.BRANDS қазақстандық агенттігінің SAF Qymyz жобасы Нью-Йоркте өткен DIELINE Awards 2026 халықаралық сыйлығының алтын жүлдесін иеленді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Жоба алкогольсіз және әлсіз алкогольді сусындардың тұжырымдамалық дизайны санатында үздік деп танылып, әлемнің әр түкпірінен ұсынылған 1500-ден астам жұмысты басып озды. Марапаттау рәсімі 6 мамыр күні LUXE PACK көрмесі аясында өтті.

SAF Qymyz – дәстүрлі қымызды заманауи үлгіде жаңаша ұсынған жоба. Қазақтың кесесінен шабыт алған оның авторлары алюминий құтысының дизайнын минималистік үлгіде әзірлеген. Ал «SAF» атауы қазақ тіліндегі «саф», «таза» деген мағынаны білдіреді.

DIELINE Awards қаптама дизайны саласындағы әлемдегі жетекші сыйлықтардың бірі саналады. SAF Qymyz жобасының жеңісі қазақстандық креативті индустрияның әлеуетін көрсетіп, Алматыдан шыққан жобалардың халықаралық деңгейде мойындалып жатқанын тағы бір дәлелдеді.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, мұндай жобалар Алматының ұлттық мәдениетті заманауи дизайн, гастрономия және шығармашылық индустрия арқылы жаңғырта білетін креативті орталық ретіндегі беделін нығайта түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қымыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);