Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық құтқарушылар туристердің ең жиі жібереті...

Алматылық құтқарушылар туристердің ең жиі жіберетін қателіктері туралы айтты

Әлеумет 27.07.2023, 11:37 1,139
Алматылық құтқарушылар туристердің ең жиі жіберетін қателіктері туралы айтты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Белсенді демалыс әуесқойлары қандай ережелерді жиі елемейді, тауға қалай дұрыс дайындалу керек және ең алдымен өзіңізбен бірге не алу керек, осы сұрақтардың барлығына Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жауап берді.


Жаяу серуендеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, ең алдымен, жұру бағытын жоспарлап, ол туралы таныстарыңыз бен жақындарыңызға айтып, хабардар ету керек, дейді РЖҚЖ бас құтқарушысы Вадим Пак.



«Тауға шығуды жоспарламас бұрын, жүру бағытын анықтау керек, топтың санын есептеу керек, алдағы сапардың барлық ерекшеліктерін толық білу керек: шығатын уақыт, қайтатын уақыт, маршруттың күрделілігі және т.б. Бұл жерде жиі кездесетін қателік - жақындары мен таныстарға ескертпестен, үндемей кету. Апат болған жағдайда зардап шегушіні тезірек табу үшін маршрутты, тұрақтаған орындарды анықтауға көп уақыт кетеді», - деп бөлісті ол.



Одан кейінгі ең маңызды жайт – қажетті жабдықты дайындау. Құтқарушылардың ұсынысы бойынша, рюкзакта әр туристте төтенше жағдайларға арналған алғашқы көмек қобдишасы, қосалқы батареялары бар шамдар мен басқа да жарықтандырғыштар, қуаттағыш құралдар, су және жеңіл тағамдар болуы керек. Таулардағы құбылмалы ауа-райын ескере отырып, ауыстыруға болатын жылы киім де артық болмайды.



«Тауда ауа температурасы қалаға қарағанда әлдеқайда төмен. Тауға шығатындардың жіберетін қателігі - олар өздерімен бірге жылы, ауыстыруға болатын киімдерді алмайтындығында. Өйткені тауға шыққанда адам қатты терлейді, содан кейін ол жел тиіп, суық тиюі мүмкін», - деп атап өтті спикер.



Егер турист төтенше жағдайға тап болса, құтқарушыларды шақыру үшін 112 нөміріне қоңырау шалу керек. Байланыс болмаған жағдайда,  туристер осы мақсаттар үшін салынған лашықтарды паналап, құтқарушыларлы күте алады. Құтқару лашықтары таулы маршруттардың жиі баратын учаскелерінде орнатылған.



«Егер тауда байланыс болмаса, қазір Алматы қаласының ТЖД-мен бірлесіп, турист немесе туристер тобы суықтан, қолайсыз ауа-райынан біраз уақыт паналай алатын құтқару лашықтары салынған. Яғни, көмек күте алады  немесе қараңғы уақытта сол жерге түней алады. Әрі қарай, егер күн шықса, маршрут бойынша үйге қарай жүрген дұрыс. Егер  адасып қалса, онда сол орында қалу керек. Егер байланыс болса, құтқарушыларды қайтадан шақыру керек немесе әдетте жақын маңдағы түнеген лашықтарда ақпараттық тіректердегі телефон нөмірлерін пайдалану керек», - деп атап өтті В. Пак.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#демалыс #тау #таза ауа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.