ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматылық құтқарушылар Рождество кезінде қауіпсізд...

Алматылық құтқарушылар Рождество кезінде қауіпсіздікті күшейтті

Алматы 06.01.2026, 15:10 250
Алматылық құтқарушылар Рождество кезінде қауіпсіздікті күшейтті
Сурет ЖИ
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Рождество мерекесіне күні бұрын дайындалды. 6 қаңтардан 7 қаңтарға қараған түні қала...

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Рождество мерекесіне күні бұрын дайындалды. 6 қаңтардан 7 қаңтарға қараған түні қала аумағындағы 13  нысанда құтқарушылар мен өрт сөндірушілер кезекшілік етеді. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Жұматаев хабарлады.

ТЖД қызметкерлері барлық нысанды алдын ала тексеріп шығып, нұсқаулық жұмыстарын жүргізді. Әр аудандық бөлімше өз аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, адам көп жиналатын жерлерде тәртіп пен қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауда ұстайды.

Департамент азаматтарды діни рәсім өтетін нысандарды аралау кезінде қауіпсіздікті барынша сақтауға шақырады:
•    ашық от қолданылатын шам ұстағыштарды, шамдар мен басқа да құралдарды жанбайтындай етіп, орнықты күйде орнату;
•    ашық отты әрлеу материалдарынан, интерьерден, киім-кешек пен жанғыш заттардан кемінде 0,5 метрдей аулақ пайдалану;
•    шыны колбалары зақымдалған шамдарды қолданбау және оларды жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбай құю;
•    ғибадат залының сыйымдылығын олардың ауданы мен эвакуациялау жолдарының өткізу қабілетін ескере отырып шектеу;
•    қарсы бағыттағы адамдар ағыны қиылыспайтындай етіп келушілердің қозғалысын ұйымдастыру.

«Мерекелер тыныш әрі қауіпсіз өтуі үшін бар күшімізді салдық», - дейді Департамент өкілі. Сондай-ақ ол қала тұрғындары мен қонақтарын Жаңа жылмен және православтардың алдағы Рождество мерекесімен құттықтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.