Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық құтқарушылар Іле Алатауында адасқан екі...

Алматылық құтқарушылар Іле Алатауында адасқан екі туристі тапты

Әлеумет 28.03.2023, 09:10 891
Алматылық құтқарушылар Іле Алатауында адасқан екі туристі тапты
Сурет: Ашық дереккөз

Туристер қайтар жолда адасып, қараңғыда төменге түсе алмаған


2023 жылғы 26 наурызда сағат 23:32-де Алматы ТЖД кезекші-диспетчерлік бөліміне "Аюсай" шатқалы мен сарқырамасының аумағында тауда ер адам мен әйел адам жоғалып кетті деген хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, туристер қайтар жолынан адасып, қараңғыда төменге түсе алмаған. Олар өздері көмек сұрап хабарласқан.



"Адасқандардың орналасқан жері туралы мәлімет Алматы әкімдігі құтқару қызметінің жедел кезекшісіне жіберілді. 4 құтқарушы бір техникамен іздеу-құтқару жұмыстарына жолға шықты. Іздеу орнына келген кезде, адамдардың іздері болған жоқ, аталған жерде аз көлемді көшкін болды", - делінген хабарламада.



Арада бір сағат өткеннен кейін, жоғалған ер адам ТЖД кезекші бөліміне қайта қоңырау шалып, олар жолды тауып, көтеріле бастағандарын хабарлаған, сөйтіп, байланыс қайтадан үзілген. Түнде сағат 4:20-да "Аюсай" шатқалына қосымша құтқару қызметінің және КСП "Тұйық-Су" 7 құтқарушысы мен 2 бірлік техникасы жіберілген. Туристер қайтып байланысқа шықпаған. 



"06.00-де ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының 7 адамнан құрылған жедел тобын, оның ішінде бір кинологиялық есепті іздеуге жіберу туралы шешім қабылданды. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары спутниктік байланыспен жарақталған. Космостанцияға келген Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шатқалдан төмен қарай іздеу жұмыстарын жүргізе бастады. Тәуліктің қараңғы уақытында, қауіпті тік беткейлермен, төменгі температурада жоғалған туристерді іздеу жұмыстары тоқтаған жоқ", - делінген хабарламада.



Іздеу жұмыстары таң бойы жалғасқан. Сағат 09:57-де құтқару қызметінің іздестіру тобы туристерді таудың жотасындағы бірінші сарқырамадан жоғары орналасқан "Аюсай" шатқалынан тапты. Зардап шеккендермен визуал байланыс орнатылды. Содан кейін құтқару операциясы жалғастырылды. Жұмысты тік беткейлер мен қардың көптігі қиындатты.


Сағат 15:45-те құтқару қызметінің құтқарушылары мен Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы зардап шеккендерді Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлер бригадасына жеткізді. Зардап шеккендер медициналық көмекке мұқтаж емес.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тау #турист #ТЖД
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.