конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық қарттар сергек әрі белсенді

Алматылық қарттар сергек әрі белсенді

Барлығы 01.10.2025, 12:09 522
Алматылық қарттар сергек әрі белсенді
Сурет: Қайрат Қонысбаев

Бүгін – Халықаралық қарттар күні. Халықаралық қарттар күніне орай мегаполистегі 28 панфиловшы-гвардияшы атындағы саябаққа жиналған зейнеткерлер мен ардагерлердің құрметіне концерт ұйымдастырылды. Жас өнерпаздармен бірге қариялардың өздері де ән салып, би биледі.

Салауатты өмір салтын ұстанатын сергек қарттар скандинавиялық жүріс спортына қуана қатысты. 

Мерекеге бөленген парк ішінде сауда нүктелері де жұмыс істеп тұрды. Оған қаладағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарында тіркелген зейнеткерлердің өз қолынан шыққан түрлі қолөнер, тоқыма бұйымдары және картиналар қойылды. 

"Ұзақ жыл ұстаздық еттім, балаларға ағылшын тілінен сабақ бердім. Білімді ұрпақ тәрбиелеуге үлес қостым. Қазір зейнеткермін. Балалар жұмыста, немерелер сабақта, балабақшада. Үйде қарап отырмаймын деп, Медеу аудандық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына тіркелген едім. Мұнда өзімді жаңа қырынан аштым десем де болады. Суретке бала күнімнен жақын едім. Бірақ уақыт ағымымен басқа бағытқа кеттім. Ал қазір шығармашылық әлеуетім артып, қылқаламды серік етіп, суреттер сала бастадым. Менің осылай екінші тынысымның ашылуына дәнекер болған, бізге сурет үйірмесінен сабақ беретін Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, белгілі отандық суретші Гүлжамал Тагеноваға алғысым шексіз. Сан бояуды қалай ойнатуды үйретті. Жүрегімнен шыққан кішкентай ғана картиналарым маған қуаныш, шабыт сыйлайды. Туған-туыс, дос-жаранға да туған күндерінде сыйлап қуанту бір мәртебе. Күні кеше үш жасар немереме балабақшасына біреуін беріп жібердім. «Күзгі балл» концерттік бағдарламаларының бір қажетіне жарағанының өзі маған тағы да шабыт қосады", – дейді зейнеткер-ұстаз Мавжуда Шөмекеева.

Қарттар мерекесіне «Алматы жас дәрігерлерінің ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі қолдау білдірді. Сөйтіп жас буын өздеріне үлгі тұтар аға буынды әрқашан сыйлайтынын, құрметтейтінін көрсетті.

Ал Медеу аудандық «Белсенді өмір сүру орталығының» үйлестірушісі Бақтияр Камалов мұндай іс-шаралардың жылда бір ай бойына ұйымдастырылатынын атап өтті.

"Бүгінде Алматыда Белсенді ұзақ өмір орталықтары сәтті жұмыс істеуде. Бұл жобаның мақсаты – ұзақ жылдар жұмыс істеп, еңбегінің зейнетін көретін жасқа жетіп, зейнет демалысына шыққан аға буынға қолдау көрсету, олардың өзін қоғамға әлі де керек екенін сезінуіне жағдай жасау, өмір сүру сапасын арттыратын зияткерлік, мәдени-рухани шығармашылық, қоғамдық іс-шараларға кеңінен тарту және ұрпақтар сабақтастығын жалғап отыру үшін жас буынмен кездесулер ұйымдастыру. Міне, бүгін де сондай бір тағылымды кештің куәсі болдыңыздар. Күннің жаңбырлы болғанына қарамай көптеп жиналған, өз өмірін өзі жарық сәттерге толтырып жүрген зейнеткер-ардагерлерге алғыс айтамыз", – дейді Бақтияр Камалов.

Тақырыпқа орай айта кетсек, Алматы – еліміздегі «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы бірінші болып ашылған тұңғыш қала. Бүгінде қанатын кеңге жайып, шаһардың барлық ауданында жұмыс істеп тұр. Аталған орталықтарға келетін зейнеткерлердің көбі ештеңе де кеш емес деп тіл үйреніп, компьютерлік сауаттылықты меңгеруді. Негізі, егде жастағы алматылықтар арасында «Айкуне» ұлттық жаттығулары, кескіндеме курстары, хор, қолөнер және агротерапия ерекше танымал дейді үйлестіруші-мамандар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарттар күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда Lotus Fest – 2026 фестивалі басталды

Бүгін 17:06

Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Бүгін 17:02

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);