ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматылық полицейлер Рүстем Қайдаровты еске алды

Алматылық полицейлер Рүстем Қайдаровты еске алды

Заң мен тəртіп 25.05.2023, 05:58 1,381
Алматылық полицейлер Рүстем Қайдаровты еске алды
Сурет: Polisia.kz
Ол дәстүрлі “Ерлік сабағы” аясында өтті.

Ол дәстүрлі “Ерлік сабағы” аясында өтті.


Шараға Рүстем Қайдаровтың жұбайы, Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Рүстем Есімханұлы қазақ полициясының қалыптасуына өлшеусіз үлес қосып, жанқиярлық еңбегі мен таңдаған мамандығына деген адалдығы бүгінгі күнге дейін өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болып келе жатқан лайықты офицерлердің бір емес бірнеше ұрпағын тәрбиелеп шығарды. Ол өз ісіне деген адал қызметімен халықтың құрметіне бөленді. Ол жоғары офицерлік құрметті адам болды. Рүстем Есімханұлы Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы бола тұра, барлық жағдайда қарапайым полицейдің мүддесін қорғап келді. ІІО-ның ардагерлеріне де көп еңбек сіңірді. Бүгінгі кездесу – оның рухына тағзым ету. Жас тәртіп сақшылары генерал Қайдаровтың өмірі мен қызметінің тарихын жан-жақты білді. Бұл өскелең ұрпақ полицейлерге үлгі болатынына сенімдімін», – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.



Әділет генерал-майоры Рүстем Есімханұлы Қайдаров – КСРО ІІМ қызметкері, ҚР ІІМ құрметті ардагері, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, профессор, “Генералдар кеңесі” президиумының төрағасы, халықаралық экологиялық палатаның құрметті профессоры. 20-дан астам ғылыми мақалалар мен оқу құралдарының авторы. Қазақ КСР қылмыстық іс жүргізу кодексі авторларының бірі. БҰҰ-ның есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссиясының 39-шы сессиясында ҚР Парламентінің жұмыс тобының мүшесі болды. Минск конвенциясын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасы делегациясының жетекшісі. “Бірыңғай ақпараттық кеңістік туралы” ЗРК авторларының бірі. “Парасат”, “Достастық жұлдызы”, “Ерен еңбегі үшін”, “Ойы мен ісі үшін” ордендерімен, КСРО-ның, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Украина мен Беларусияның 30-дан астам медальдарымен марапатталған.


2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыда ұшақ апаты орын алып, 14 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың арасында әділет генерал-майоры Рүстем Есімханұлы Қайдаров та болды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,983 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.