AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық педагогтар халықаралық тағылымдамадан өт...

Алматылық педагогтар халықаралық тағылымдамадан өтті

Әлеумет 14.02.2023, 11:15 1,173
Алматылық педагогтар халықаралық тағылымдамадан өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматылық педагогтар кадрлық әлеуетті дамыту бағдарламасы аясында алғаш рет халықаралық тағылымдамадан өтті.


 Қаланың 50 мектебінің басқару командалары «Басқару және көшбасшылық: таяуда даму мектебі» кәсіби қайта даярлау бағдарламасының халықаралық дипломдарын алды. 50 білім беру ұйымының 150 басшысын оқыту 2022 жылдың мамыр-желтоқсан айлары аралығында қалалық әкімдіктің бастамасымен қаланың кадрлық әлеуетін дамыту жөніндегі «Алматы мектебі» бағдарламасын іске асыру аясында өтті, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  



10 ай ішінде басқарушы командалар менеджмент, көшбасшылық, экономика және қаржы, өзгерістерді басқару, цифрлық білім беру, білім беру бағдарламаларын жобалау және білім беру саясатының трендтері саласында құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған жеті күндізгі оқыту модулінен өтті.  Бағдарламада оқытудың әртүрлі форматтары қолданылды, олар: интерактивті презентациялар, топтық жұмыстар, тьюторлық сүйемелдеу, қатысушылардың кейстерін көрсету және шақырылған спикерлердің қонақ дәрістері.



Оқыту барысында басқарушы командалар өз ұйымдарын дамыту бағдарламаларын және оларды енгізу жөніндегі даму жобаларын әзірледі. Мектептерді дамытудың үш жылдық бағдарламаларын Алматы қаласының білім беру, білім басқармасы және білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының сарапшыларының алдында  қорғады.



Қайта даярлау бағдарламасының авторлары мен тәлімгерлері-Финляндия, Германия, Эстония, Ресей мен Қазақстанда кеңінен танылған практиктер. Оқыту барысында қатысушыларға сарапшылар тьюторлық қолдау көрсетті, жаңа құзыреттер бойынша модульаралық онлайн курстарға қолжеткізілді және алғаш рет халықаралық тағылымдамадан өту мүмкін болды.



Өткен жылдың 2-8 қараша аралығында Финляндия мен Эстонияда Алматы мектептерінің 50 директоры тағылымдамадан өтті. Педагогтар ашық сабақтарға қатысып, инновациялық мектептер, университет және Хельсинки балабақшалары мысалында фин жүйесінің феноменіне үңілді.



Бағдарламаның операторлары – Хельсинки университетімен серіктес EdCrunch Academy (Қазақстан) заманауи білім беру Институты, «НЗМ» ДББҰ, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, «Экономика жоғары мектебі» НИУ және ЭЫДҰ (PISA).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#педагог #мұғалім #тағылымдама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);