конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық ортопедтер аяғы күрделі сынған курьерді...

Алматылық ортопедтер аяғы күрделі сынған курьерді аяққа тұрғызды

Медицина 18.08.2023, 09:03 1,590
Алматылық ортопедтер аяғы күрделі сынған курьерді аяққа тұрғызды
Сурет: ашық дереккөз

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының (ҚЖШККА) травматолог-ортопедтері 21 жасар науқасты аяққа тұрғызды.


Жедел жәрдем бригадасы қатты ауру сезімі, тірек функциясының бұзылуы және сол аяқтың деформациясына шағымданған жас жігітті ҚЖШККА қабылдау бөліміне жеткізді. Науқасты толық тексеруден кейін сол сан сүйегінің ортаңғы үштен бір бөлігінің сынықтарының ығысуы орын алған жабық сынық диагнозы қойылды. Дәрігерлер шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Құрамында травматолог-ортопедтер Нұрсұлтан Ерназаров, Мәди Жанатұлы және Бағлан Жиеналиев бар хирургиялық бригада науқасқа сол жамбас сүйегінің жабық репозициясы, БИОС отасын жасады.


Бұғатталатын интрамедуллярлық остеосинтез (БИОС) - сүйек жарақатын шағын инвазивті хирургиялық емдеу әдісі. Мұндай ота кезінде сынық аймағы ашылып кесілмейді, бұл зақымдалған сүйектің қанмен қамтамасыз етілуін сақтауға мүмкіндік береді және сынықтың тез жазылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 



- Мұндай отаның басты ерекшелігі – ота тез жасалады, 30-40 минутқа созылады. Ота жасалған аймақ кесілмей, тек бірнеше тесік жасалады. Сондықтан жараның жазылуы тез, әрі асқыну мен іріңдеу қаупі өте төмен. Науқас отадан кейін аяққа тез тұрады, тез сауығады. Сүйек жақсы жиналады, - деп түйіндеді дәрігер травматолог-ортопед Нұрсұлтан Ерназаров.



Жарты сағатқа созылған ота сәтті өтті. Отадан кейінгі келесі күні науқас балдақмен жүре бастады. Ал жетінші күні тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емдеуге шығарылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ортопед #аяқ сыну #дәрігер #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);