Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық оқушылар ұлттық ойынды ұлықтады

Алматылық оқушылар ұлттық ойынды ұлықтады

Әлеумет 20.03.2024, 10:21 1,267
Алматылық оқушылар ұлттық ойынды ұлықтады
Сурет: Самат Құсайынов

Ұлттық ойындар – өскелең ұрпақты үйлесімді тәрбиелеудің ажырамас бөлігі.  Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз «Ұлттық спорт» күні деп белгіленді. Бұл күні мектеп оқушылары ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсіп, ұлттық құндылықтар дәріптелді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.



Жетісу ауданы №110 мектеп-гимназиясында 7-8 сынып оқушылары арқан тарту, асық ату, тымақ ұру, қол күрес, бұқа тартыс сияқты ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті. Шараға 40-қа жуық оқушы қатысып, білектілер арасынан шын мықтыны анықтады. Жеңімпаздарға кубоктар мен арнайы дипломдар табыс етілді.



Елімізде ұлттық спорт түрлерінің ішіндегі ең танымалы – тоғызқұмалақ. Адамның ойлау қабілетін дамытып, тапқырлыққа тәрбиелейтін зияткерлік ойын түрінен №7 Оқушылар үйінде «Ұлыстың Ұлы күніне – ұлттық ойын» оқушылар арасында қалалық жарыс өтті. Сайысқа қаламыздың 8 ауданынан 80 оқушы қатысты. Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталды.



Бүгінде ұлттық спорт түрлері тез танымал болып, оқшылардың да қызығушылығын оятуда. Осы орайда Әуезов ауданындағы №116 мектепте де оқушылар ұлттық спорт түрлерінен өзара сынға түсті. Оқушылар арқан тарту, асық ату, тымақ ұру, бұқа тартыс және тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен сайысып, ұлттық ойынның құндылығын дәріптеді.



Сонымен қатар Алматы қаласының барлық білім беру ұйымдарында ұлттық ойындардан мектепішілік жарыстар өткізілді. Мұндағы мақсат – қазақ халқының ұлттық ойындары арқылы оқушылардың бойында ұлттық бірегейлікті сақтау, оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып, салт-дәстүрімізді сақтай білуге тәрбиелеу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқушы #Ұлттық ойын #Ұлттық спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.