AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматылық оқушылар ұлт жанашырымен кездесті

Алматылық оқушылар ұлт жанашырымен кездесті

Алматы 08.09.2026, 11:12 335
Алматылық оқушылар ұлт жанашырымен кездесті
Алматы қаласы білім басқармасы

Іс-шара Асылы Әлиқызы Османның ғибратты өміріне арналды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Әуезов ауданындағы №97 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған тағылымды кездесу өтті.

«Жаны қазақ тіл жанашыры» деп аталған бұл шара көрнекті қоғам қайраткері, белгілі ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, «Достық», «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері, мемлекеттік тілдің шын жанашыры Асылы Әлиқызы Османның ғибратты өмірі мен тіл жанашырлығына арналды.

Жиынның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыру және өзге ұлт өкілі бола тұра қазақ тілінің көшін ілгерілетуге ғұмырын арнаған Асылы Османның өмір жолын оқушыларға үлгі-өнеге ету болды.

Кездесу шымылдығын ашқан мектеп директоры Г.Б.Тажибаева қонаққа ыстық ықыласын білдіріп, Асылы Әлиқызын 85 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтап, ұлт руханияты мен тіл ғылымына қосқан өлшеусіз үлесі үшін ризашылығын жеткізді.

Кездесу барысында 11-сынып оқушылары ерекше белсенділік танытты. Жүргізушілер ғалымның отбасы, білім жолы, қоғамдық қызметі, ғылыми еңбектері мен марапаттары туралы кеңінен әңгімеледі. Оқушылар Асылы апайдың жүрек жарды лебіздерін, халық есінде мәңгі сақталған ұлағатты сөздерін нақышына келтіре жатқа оқып, залдағы тынысты тым-тырыс тыңдатып қойды. Әсіресе, «Қазақтың нанын жеген адам, тілін де үйренсін!», «Қазақтың наны тәтті де, тілі жаман ба?!», «Менің қаным қазақ емес, жаным – қазақ! Барым да, бағым да – қазақ тілі» деген аталы сөздер мәжіліс залында отырған әрбір жас жүрегіне жол тартып, ұлтжандылықтың шырағын лаулатты.

Шараның көркемдік деңгейін асырған кезең – оқушылар мен қазақ тілі мұғалімдерінің рухты оятатын «Қазақтай ел қайда?» және жүрекке жылы тиетін «Анамның тілі» әндерін шырқауы болды. Одан соң мектептің «Эдельвейс» би тобы (жетекшісі К.К. Ахметова) күй құдіретін бимен өрнектеп, «Сүгір» биін биік деңгейде орындап шықты. Өнерпаздардың әрбір қимылы, әрбір үні залдағы тыныштықты тебірентіп, ұлттық рухтың асқақтауына серпін берді.

Кездесудің ең қызықты сәті ашық сұрақ-жауап форматында жалғасты. Залдағы оқушылар ғалымға көкейлерінде жүрген ұлттық тәрбие, тіл тағдыры және болашаққа қатысты сұрақтарын қойды.

11 сынып оқушысы Алуа Ануарова қазіргі жастар арасында қазақ тілі трендке айналып келе жатқанын, алайда әлеуметтік желілерде шұбар тілдің әлі де көп екенін атап өтіп, тіліміздің дамып, тазалығын сақтап қалуы үшін не істеу керектігін сұрады.

Ал Рахметкалиева Жанель ұлт жанашырының бүгінгі жастарға айтар аманаты мен өсиеті туралы толғанысты сауал тастады.

Кездесу жүргізушісі Дарья Коваленко өз кезегінде ұлт жанашырына шақыруды қабыл алғаны үшін алғысын білдіріп, оқушылар атынан мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Асылы апай әрбір сұраққа өзіне тән өткір де шешен тілмен, аналық мейірім мен жылы лебізбен, өнегелі әңгімелерге толы жауап беріп, жастарға батасын төкті. Оның әр сөзі терең ойға жетелеп, ұлттық құндылықтардың мәңгілік екенін паш етті.

Бұл жүздесу жас ұрпаққа зор ой салды. Өз ана тілінде таза әрі көркем сөйлеп, ұлтжандылықтың шынайы үлгісін көрсеткен Асылы Османның тұлғасы мектеп оқушыларын отансүйгіштікке, бірлікке және ана тілін қастерлеуге жетеледі. Мектеп қабырғасында өткен мұндай тағылымды кештер жастардың бойындағы мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті одан әрі шыңдай түсетіні анық.

Кездесу соңында оқушылар тіл жанашырымен естелік суретке түсіп, сол бір рухани сәтті мәңгілікке жаздырды. Бұл жүздесу жиналған қауымның, әсіресе жастардың ана тілімізге деген сүйіспеншілігін арттырып, отансүйгіштік сезімін оятқан ерекше рухани кеш болды. Тілі барда ұлт бар, ұлты барда болашақ бар дегендей, бүгінгі жас буын осындай кездесулерден нәр алып, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азаматтар болып қалыптасары хақ.

Майра Бейсебекова,

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);