AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық оқушылар «Таза Қазақстан» акциясына қаты...

Алматылық оқушылар «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Барлығы 18.10.2025, 16:52 890
Алматылық оқушылар «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Алматы әкімдігі

Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің оқушылары  экобелсенділермен бірге «Сосновый бор» саябағының аумағына үш мыңға жуық құрғақшылыққа төзімді қарағаш көшеттерін отырғызды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл бастама саябақ периметрінде жасыл қоршау жасау мақсатында жүзеге асырылды.

Әр сыныптың ұл-қыздары бұл экологиялық бастаманы үлкен қызығушылықпен қабылдап, ашық аспан астындағы шараға қуана қатысты. Айта кетейік, бұл ағаштарды балалар өздері өсірген: көктемде тұқымын отырғызып, жаз бойы баптап, енді оларды тұрақты орны қарағай тоғайына көшірді.

– Соңғы уақытта біз осындай акцияларға оқушыларды жиі тартуға тырысып жүрміз. Бұл жас ұрпақтың бойында туған қалаға деген сүйіспеншілікті, табиғатқа деген құрметті қалыптастыруға көмектеседі. Сондай-ақ, балалар мектеп жасынан бастап қаланың қоғамдық өміріне атсалысудың маңызын түсінеді, – деп атап өтті экобелсенді, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Тимур Елеусізов.

Оның айтуынша, бұл акция экологиялық клуб еріктілері бір жыл бойы жүзеге асырып келе жатқан үлкен жобаның бір бөлігі болып табылады. Саябақ негізін  қалаушылардың пікірінше, болашақта бұл қарағай тоғайы«Алматылық Версаль» атануы әбден мүмкін.

Акция соңында әрбір оқушыға «Сосновый бор» саябағы мен питомниктің дамуына қосқан жеке үлесін растайтын сертификат табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқушы #питомник
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);