AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматылық оқушылар Қытайда өткен робототехникадан...

Алматылық оқушылар Қытайда өткен робототехникадан халықаралық чемпионатта жүлделі орындарға ие болды

Білім және ғылым 01.08.2024, 09:11 1,038
Алматылық оқушылар Қытайда өткен робототехникадан халықаралық чемпионатта жүлделі орындарға ие болды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Гуанчжоуда робототехника бойынша China FTC Guangzhou Offseason Event халықаралық чемпионаты өтті.

Жарысқа 200-ден астам оқушы қатысты, оның ішінде Қазақстаннан келген екі команда да үздік нәтижелер көрсетті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «PID»командасы Motivate Award сыйлығын жеңіп алды. Команда құрамына 10 және 12 сынып оқушылары: Асылбек Қаныбекұлы, Қанат Парпиев, Нұрқасым Хафиз, Арсен Омаров, Арлан Қосан, АянатТұматова, Айсұлу Қыдыралықызы, Әли Елтай, Мирас Бекетбай және Олжас Аманкелдин кірді.

Сонымен қоса, Білім-Инновация лицейінің«Queue» командасы Perseverance Award сыйлығымен марапатталды. Командада 10 және 11 сынып оқушылары - Аскер Ерсай, ЕрталапӘділхан, Ерсұлтан Мэлс, Манас Есенұлы жәнеАлдияр Ихсанов өнер көрсетті.

«Екі қазақстандық команданың жетістіктеріолардың халықаралық аренада бәсекеге түсугедайын қабілетін көрсетеді. Біздің балалар чемпионаттың екі күнінде де көшбасшылар қатарында болды. Біз балаларымызды марапаттарымен құттықтаймыз», - деп бөлісті Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығының директоры Гүлнұр Каримгажы.

Естеріңізге сала кетейік, командалар Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту Министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қорымен «Дарын» РҒПО ұйымдастырған Central AsiaFIRST Championship Орталық Азия чемпионаты барысында Қытай чемпионатына жолдама алды. Чемпионаттағы жеңіс біздің оқушыларға әлемдік жоғары оқу орындарындағы гранттарға қолжеткізуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#роботтехника #алматылық оқушылар #халықаралық қатынастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);