AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматылық оқушылар полиция қызметімен танысты

Алматылық оқушылар полиция қызметімен танысты

Заң мен тəртіп 23.04.2025, 15:31 769 dulatbekova
Алматылық оқушылар полиция қызметімен танысты
Сурет: Polisia.kz

"Жасөспірім" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы қаласы Медеу ауданындағы мектеп оқушылары үшін полиция департаментіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жас алматылықтар полиция мұражайын аралап, ІІО-ның бай тарихымен және ондаған жыл бойы қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесімен танысты. Балалар ішкі істер органдарының дамуына, қызметкерлердің ерліктеріне, сондай-ақ заманауи жетістіктерге арналған экспонаттарды қызығушылықпен тамашалады. Экскурсияның ең есте қалатын сәттерінің бірі – жедел басқару орталығына барған сәт болды. Мұнда "102" желісі арқылы азаматтардан түскен сигналдар тәулік бойы қабылданып, өңделеді, патрульдік және төтенше жағдайлар қызметінің жұмысы үйлестіріліп, бейнебақылау арқылы қаладағы жағдай бақыланады. 

- Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілік сезімін, заңға деген құрмет пен полицияға деген сенімді қалыптастыруға бағытталған. Біз балалардың өз құқықтарын біліп қана қоймай, заңды сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге тырысамыз. Полицияны іштей танып-білу мектеп оқушыларының бойында дұрыс бағыт-бағдар қалыптастыруға және олардың құқықтық санасын нығайтуға септігін тигізеді, - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #оқушылар #полиция қызметі #танысу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);