AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматылық оқушылар Дубайда жеңіске жетті

Алматылық оқушылар Дубайда жеңіске жетті

Білім және ғылым 21.01.2025, 15:22 934 Bakyt
Алматылық оқушылар Дубайда жеңіске жетті
Сурет видео скрині

Алматылық оқушылар халықаралық «San-Remo Best Song» байқауында жүлделі орындарға ие болды

Алматылық жас өнерпаздар Дубайда өткен халықаралық "San-Remo Best Song" музыкалық байқауында үлкен жетістікке жетіп, жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Almaty.tv тілшісіне сілтеме жасап.

Байқаудың басты ерекшелігі – қатысушылардың Парсы шығанағын аралап, лайнер үстінде өнер көрсетуі. Осы бірегей форматта өткен жобаға 10-ға жуық елдің талантты жастары қатысты. Айта кетейік, бұл конкурс осымен екінші рет ұйымдастырылса да, Қазақстан алғаш рет қатысып отыр.

Төрешілердің ерекше ықыласына бөленген жас өнерпазымыз Милана Абдукаимова биыл маусым айында Италияда өтетін беделді "Сан Ремо Джуниор" байқауына жолдама алды.

"Гран-при алған жүлдегерлердің бірі – менің қызым Милана. Ол тек "Сан Ремо Джуниор" байқауына ғана емес, сонымен қатар Юрмала жобасына да жолдама алды. Бұл оның таланты мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз өте қуаныштымыз және Милананы жетелеп, қолдау білдірген ұстаздарына алғысымыз шексіз", – дейді Милананың анасы Санан Машаева.

Бұл жеңіс алматылық оқушылардың халықаралық деңгейдегі шығармашылық қабілетін көрсетіп, Қазақстанның өнерін жаңа белеске көтеруге мүмкіндік береді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#San-Remo #дубай #Алматы #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);