AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық оқушылар арасында зияткерлік сайыс өтті 

Алматылық оқушылар арасында зияткерлік сайыс өтті 

Әлеумет 27.05.2025, 16:07 1,305 Сұлу
Алматылық оқушылар арасында зияткерлік сайыс өтті 
aqshamnews.kz

Алматы қаласының Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «APA–2025: AQYL, PARASAT, ABYROY» қалалық зияткерлік ойыны өтті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Іс-шара Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен және Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өтті.

– Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды, қазақ халқының тілі мен мәдениетін, тарихы мен дәстүрлерін насихаттау, мәдени мұраға деген құрметті қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту және қазақстандық патриотизмді дамыту. «APA–2025» зияткерлік ойыны – ел Конституциясының мерейтойы қарсаңында жастардың зияткерлік әлеуетін арттыруға және азаматтық сананы нығайтуға бағытталған маңызды қадам, – деді ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Айнұр Идрисова.

Зияткерлік ойын квиз форматында болды, яғни мектеп оқушылары пікір алмасуға арналған алаңда білімдерін сынады. Ойынға Алматы қаласының әр ауданынан жиналған 10-сынып оқушылары қатысты. Барлығы мегаполистің әр ауданынан – Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Наурызбай, Медеу, Жетісу, Түрксіб аудандарынан іріктеліп келген 8 команда сынға түсті.

– Алматыда алғаш рет 10-сынып оқушылары арасында интеллектуалды жарыс өтіп жатыр. Ол негізгі құжатымыз – Конституциясының 30 жылдық мерейтойына арналып отыр. Оқушыларға өзінің тарихын, тілін, ділін жақсы білуіне байланысты сұрақ қойылады. Жалпы 6 бөлімнен тұрады. Осы арқылы жастардың білім бәсекесі шыңдалады. Зияткерлік ойын алғаш рет өткізіліп отыр, бірақ дәстүрлі түрде өткізу жоспарланған, – деді «Alatau Aqparat» медиахолдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы.

Қатысушылардың жұмыстары беделді қоғам қайраткерлері, білім және мемлекеттік басқару саласының өкілдерінен құралған қазылар алқасы тарапынан бағаланады. Жарыс нәтижесі бойынша Нұрайым Мұрат, Камила Тайгулова, Мансұр Мейірхан, Иманжан Сыздық және Истеми Кенжебаев сынды оқушылардан құралған Медеу ауданының командасы жеңімпаз атанды.

2-орын Бостандық ауданынан Мәди Асхатұлы, Мерей Рысдәулет, Аружан Нұрғазы, Адема Альбекова, Арина Лепехинаға қатарлы сайыскерлерге бұйырды. 

3-орынды Алатау және Наурызбай аудандары бөлісті. «Алатаулық» команданы Әбілмансұр Абуов, Эльнара Мырзабек, Кәусар Ахметжан, Ясмин Азизова, Аминат Рысқұлова қатарлы оқушылар құраса, Наурызбай ауданының намысын Сафинур Манап, Әсел Амантай, Гүлназ Жексен, Расул Айдынұлы, Фатима Ясынбекқызы қорғады. Зияткерлік ойынның барлық қатысушыларына Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#интеллектуал #ойын #Алматы #оқушылар #жарыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);