AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық оқушылар арасында жалпықалалық экологиял...

Алматылық оқушылар арасында жалпықалалық экологиялық челлендж басталды

Барлығы 05.01.2026, 16:25 975
Алматылық оқушылар арасында жалпықалалық экологиялық челлендж басталды
Алматы әкімдігі


 Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және цифрлық шығармашылық дағдыны дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық экологиялық челлендж басталды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Қала оқушылары арасында экологиялық сананы күшейту мақсатында электронды экологиялық ашықхаттар жасауға арналған «Экологиялық калейдоскоп» жалпықалалық онлайн-челленджі басталды. Бастамаға Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары қатысып жатыр.

Челлендждің негізгі мақсаты – білім алушылардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру, экологиялық сауат деңгейін арттыру, цифрлық және шығармашылық құзыретін дамыту, сондай-ақ табиғатты қорғау идеяларын кеңінен насихаттау.

Челлендж аясында оқушылардың қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды сақтау мәселесіне назарын аудару, олардың креативті және цифрлық дағдысын дамыту, экологиялық мәдениетті дамыту міндеттері жүзеге асырылмақ.

Қатысушылар графика, коллаж және анимация форматында электронды экологиялық ашықхаттар дайындайды. Жұмыстарда қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды сақтау, қалдықты бөлек жинау, су мен энергияны үнемдеу, сондай-ақ «Таза қала – қауіпсіз болашақ» тұжырымдамасы сияқты тақырыптық бағыттар қамтылады.

Челлендж бірнеше кезеңнен тұрады. Ақпараттық кезеңде білім беру ұйымдарында қатысу шарттары түсіндіріледі. Шығармашылық кезеңде оқушылар электронды экологиялық ашықхаттар әзірлейді. Челлендж-эстафета кезеңінде дайын жұмыстар әлеуметтік желілерде #ЭкологиялықКалейдоскоп, #ЭкоАлматы, #ТазаҚазақстан хэштегтерімен жарияланады. Қорытынды кезеңде ең белсенді қатысушылар мен үздік жұмыстардың авторлары марапатталады.

Аталған челленджді өткізу оқушылардың экологиялық санасын арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға және қоршаған ортаға жауапты қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #оқушы #челлендж #Таза Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);