ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматылық нейрохирургтер инсульт соққан пациентті...

Алматылық нейрохирургтер инсульт соққан пациентті сал болып қалудан сақтап қалды

Медицина 05.12.2023, 05:46 1,812
Алматылық нейрохирургтер инсульт соққан пациентті сал болып қалудан сақтап қалды
almaty-akshamy.kz
Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері күрделі ота жасап, 69 жастағы науқасқа қайта өмір сыйлады. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды.

Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері күрделі ота жасап, 69 жастағы науқасқа қайта өмір сыйлады. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды.


ОҚКА баспасөз қызметінің мәліметінше, пациент ауруханаға шұғыл түрде жеткізілген. Жедел жәрдеммен келген кезде неврологиялық ауытқулар байқалып, сол жақ аяғы мен қолы жансызданып, қимылдамай қалған болатын, деп хабарлайды нейрохирург Ермек Сүлейменов.


Кезекшіліктегі невропатолог, нейрохирург, анестизиолог дәрігерлер бригадасы шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдады. Дер кезінде қабылданған шешімнің арқасында науқас өз бетімен жүріп-тұруға мүмкіндік алды.



«Ишемиялық инсульт болғандықтан қауіп күшейді. Операция жасалды, селективті церебралды ангиография мен мидың ортаңғы күретамырындағы ұйыған тромбты алып тастадық», – дейді Ермек Сүлейменов.




Нейрохирургтердің біліктілігі арқасында ұйыған қан алып тасталып, мидың ортаңғы күретамырындағы қан айналымы қалпына келтірілді. Бас сүйек пен мидағы жүйке талшықтары да толық қалыпқа келді.


Бір аптадан кейін пациенттің жансызданған аяғы мен қолы қозғала бастады. Қозғалыс күші арнайы баған бойынша төрт балға жетті, бұл өз кезегінде науқасты салдары ауыр болатын мүгедектіктен сақтайтын көрсеткіш дейді маман.


МӘМС арқылы жасалған ота 1 сағат 10 минутта аяқталды. Бұл аурухана мамандарының біліктілігін ғана емес, сын сағатта қабылданған шешімдердің де тиімділігін көрсетсе керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,261 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.