конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін са...

Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды

Медицина 30.03.2026, 12:22 478
Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды

Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасы дәрігерлері 6 жастағы баланың миындағы үлкен ісікті алып тастады. Кішкентай пациент мұнда осыдан біраз бұрын өзге ауруханадан аса ауыр халде жеткізілген болатын. Оған краниофарингиома ісігі деген диагноз қойылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мидың ең күрделі әрі сезімтал бөлігінде орналасқан ісік салдарынан миға сұйықтық жиналып (гидроцефалия), бас ауруы, құсу және көру қабілетінің нашарлауы сынды белгілер байқалған. Баланың жағдайы сағат сайын нашарлауына байланысты шұғыл ота жасау туралы шешім қабылданды. Операцияны белгілі балалар нейрохирургі, №2 БҚКА директоры Марат Рабандияров жасады. Жоғарғы біліктілік пен нейронавигация сынды заманауи технологиялардың арқасында микрохирургиялық ота жасалып, мамандар ісіктің бір бөлігін асқан дәлдікпен алып тастады.

«Ісік мидың ең қауіпті жерінде, көз бен гормондық реттеу жолдарына жақын маңда орналасқан. Мұның аса күрделі ота болуы да сондықтан. Соған қарамастан бас сүйек ішіндегі қысымды азайтып, сұйықтықтың жүру жолын реттедік», - деп атап өтті Марат Рабандияров.

Күрделі ота МӘМС қаражаты есебінен жасалды. Естеріңізге сала кетсек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 18 жасқа дейінгі балалар жарна төлемейді және олар мемлекет тарапынан сақтандырылған.

Мамандардың сөзінше, операциядан кейін баланың жағдайы жақсарып келе жатқаны байқалады. Оның үстіне, білікті ота шунттау жүйесін орнатуға деген қажеттілікті жойып, асқынулардың алдын алуға мүмкіндік берді. Бұл Қазақстандағы балалар нейрохирургиясының заман талаптарына сай дамығандығының айқын дәлелі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);