ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматылық нейрохирургтар 35 жастағы науқастың миын...

Алматылық нейрохирургтар 35 жастағы науқастың миына ота жасады

Медицина 08.11.2023, 05:45 1,207
Алматылық нейрохирургтар 35 жастағы науқастың миына ота жасады
almaty-akshamy.kz
Алматылық нейрохирургтар 35 жастағы науқастың миындағы үлкен эпилептогенді ошақты алып тастап, оны эпилепсиядан құтқарды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматылық нейрохирургтар 35 жастағы науқастың миындағы үлкен эпилептогенді ошақты алып тастап, оны эпилепсиядан құтқарды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Орталық қалалық клиникалық аурухана нейрохирургтары алғаш рет фармакорезистенттік эпилепсиясы бар науқасқа өте күрделі ота жасады - мидың самай бөлігінің резекциясымен сол жақ амигдалохиппокампэктомия.


Науқас аталған дертпен 20 жасынан ауырған. Соңғы уақытта науқасқа ұстамаға қарсы препараттар көмектеспеген. Жағдайдың ушыққаны соншалық, ұстамалар тоқтамастан бірінен соң бірі болатын болған.


Дәрігерлер барлық қажетті тексеру жүргізген. МРТ науқастың миының сол жақ самай бөлігінде эпилептиформды белсенділіктің ошағын анықтады.


Нейрохирургия бөлімішесінің меңгерушісі Марат Алматов Новосибирсктен келген нейрохирург Александр Дмитриевпен бірлесе отырып, шеберлік сыныбы аясында, нейронавигация және ми қыртысын тікелей жазу арқылы электрокортикография көмегімен науқастың сол жақ гиппокампын микрохирургиялық жолмен алып тастау операциясын жасады.



«Диаметрі 3*3 см болатын үлкен оң жақ маңдай бөлігіндегі эпилептогенді ошақты алып тастадық. Ота науқаста неврологиялық жетіспеушілік туындатпай, сәтті өтті. Отадан кейін науқаста эпилептикалық ұстама тіркелмеді. Жасалған ота науқастың өмір сүру сапасын жақсартады деп үміттенеміз», - дейді Марат Алматов.



Миға ота жасау, жалпы кез келген араласу жүргізу өте күрделі шешім екені белгілі. Бұндай ота кезінде әрқашан да тәукелге бел буып, жұмысты үлкен жауапкершілікпен және асқан сақтықпен жасау қажет.


Алматовтың айтуы бойынша, эпилепсия - кеңінен таралған және өте күрделі неврологиялық ауру, ол ми бөліктеріне үлкен зақым келтіреді.


Ауру патогенезі мидың нейрондарында ұстаманы тудыратын пароксизмальды разрядтарға негізделген.
Аурудың себебі толығымен зерттелмеген, эпилепсия туа біткен болуы мүмкін, ми құрылымындағы өзгерістерге негізделуі мүмкін немесе кез келген бас-ми жарақатынан соң пайда болуы мүмкін.


Аталған ота науқасқа МӘМС шеңберінде жасалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.