AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық нейрохирург мамандар жаңа технология көм...

Алматылық нейрохирург мамандар жаңа технология көмегімен мойны сынған науқастың  денсаулығын қалпына келтірді

Медицина 20.10.2022, 09:42 1,915
Алматылық нейрохирург мамандар жаңа технология көмегімен мойны сынған науқастың  денсаулығын қалпына келтірді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматылық дәрігерлер мойны сынған адамның өмірін арашалап қалды. 


№4 ҚКА дәрігерлері мойны сынған ер адамды мүгедектіктен аман алып қалды. Дәрігерлер жаңа әдіске жүгініп, ауруханада бұрын-соңды жасалмаған ота жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


48 жастағы науқас ауруханаға мойын омыртқасы қатты ауырғанына шағымданып түсті. Ауырғаны сонша, ол тіпті басын бұра алмай қалды. Тексеруден кейін науқас шұғыл түрде нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды.
Науқас ауруханаға жатқызылғаннан кейінгі күні оның омыртқасына техникалық күрделі әрі сирек ота жасалды.
Жасалған хирургиялық ота тіс тәрізді өсіндіні бұрандамен трансдентальды остеосинтездеу деп аталады. Науқасты мүгедектіктен құтқару және оның өмір сүру сапасын сақтау үшін №4 ҚКА нейрохирург мамандары емдеудің бұл әдісін алғаш рет қолдануды ұйғарды.


Пилоттық отаны нейрохирург Айтмұханов Тимур Мұратұлы жасады. 



«Мойын омыртқасы 7 омыртқадан тұрады. Бірінші және екінші омыртқа көтеретін функционалдық жүктемеге байланысты түбегейлі ерекше мәнге ие. Бірінші омыртқа – атлант, екінші омыртқа – аксис. Олар бір-бірімен С2 омыртқасының тіс тәрізді өсіндісі мен атланттың алдыңғы доғасынан түзілетін Крювелье буыны арқылы байланысады. Омыртқаның бұл сегментінің маңыздылығы, түрлі авторлардың пікірінше, бас қозғалысының 50-ден 70%-на дейін осы бөлімде орын алатынында. Бірақ тіс тәрізді өсіндінің сынуы кезінде бұл функция зардап шегеді», - дейді дәрігер Тимур Айтмұханов.



Ота нәтижесінде науқас палатаға ауыстырылды, мойын омыртқасындағы қозғалыстар қалпына келтірілді.


Нейрохирургтар импланттың жұмысын орнатқаннан кейін бірінші күні, бір айдан кейін, үш айдан кейін және алты айдан кейін тексереді. Бұл әдіс ауруханаға жатқызу ұзақтығын қысқартумен қатар, науқастың мүгедек болу қаупін де күрт төмендетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #нейрохирургтер #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);