AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық кәсіпкерлерді елдің Бас мүфтиінің үндеуі...

Алматылық кәсіпкерлерді елдің Бас мүфтиінің үндеуін қолдауға шақырды

Әлеумет 20.03.2023, 13:11 1,062
Алматылық кәсіпкерлерді елдің Бас мүфтиінің үндеуін қолдауға шақырды
culture.ru

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында еліміздің Бас мүфтиі, Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкер азаматтарды әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырған болатын. 


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы басшысының орынбасары, наиб мүфтий Кенжеғали қажы Қоңыратбайұлы мен Алматы қаласының Орталық мешітінің наиб-имамы Руслан Қайыргелді айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы хазрет кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырған үндеуіне алматылық кәсіпкерлерді үн қосуға шақырамын», - деді Кенжеғали қажы Қоңыратбайұлы. 


Осы сәтті пайдалана отырып, спикерлер қасиетті Рамазан айында арақ-шарап ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, мүмкіндігінше құдайы астар кешкі ауызашар уақытында өткізілсе деген тілектерін жеткізді. 


Өз кезегінде Орталық мешіттің наиб-имамы осы айда сауапты істер жасап, жекелей алғанда, мүмкіндігінше халыққа жеңілдіктер жасауға шақырды. 


Естеріңізге сала кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр және ол наурыздың 23-де басталады. Осыған байланысты, қаланың төрт мешітінде арнайы мерекелік, қайырымдылық іс-шаралар өткізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ораза #кәсіпкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);