ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматылық жасөспірімді жөтел мен қатты ентігу маза...

Алматылық жасөспірімді жөтел мен қатты ентігу мазалаған - тұншығу себебі ең тәжірибелі дәрігерлердің өзін таң қалдырды.

Медицина 21.06.2024, 15:18 690
Алматылық жасөспірімді жөтел мен қатты ентігу мазалаған - тұншығу себебі ең тәжірибелі дәрігерлердің өзін таң қалдырды.
Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы
Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының хирургтары кенет пневмоторакспен түскен жасөспірімге ота жасады.

Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының хирургтары кенет пневмоторакспен түскен жасөспірімге ота жасады.

Пневмоторакс - өкпе мен кеуде қуысы арасындағы кеңістікте ауаның жиналуы. Оның себебі жарақат, өкпенің перфорациясы немесе инфекция болуы мүмкін. Пневмоторакс өкпенің ауамен қысылуына байланысты кеудедегі шыдамсыз ауырсынуды, ентігуді және басқа белгілерді тудырады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

«Науқас сол жақта кенет пневмоторакс, бірінші дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі диагнозымен шұғыл түрде түсті. Баланың жағдайы ауыр деп бағаланды. Өкпеде сол жақта күрт әлсіреген, оң жақта қатаң тыныс байқалды. Қатты ентігу орын алды. Бала ауруханаға жатқызылып, бұл жағдайдың себептеріне зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізіле бастады», - дейді Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының директоры Әлібек Смағұлов.

Аурухана жағдайында дәрігерлерге Бюалу әдісімен плевра қуысын дренаждау - кеуде қабырғасына кішкене тілік арқылы дренажды түтікшені енгізу арқылы ауаны шығаруға тура келді. Дренаждық түтік сұйықтықты немесе ауаны плевра қуысынан шығаруға мүмкіндік береді, қалыпты қысым мен өкпе көлемін қалпына келтіреді. Бюалу бойынша дренаж тек жедел жәрдем немесе ауруханада тәжірибелі хирург пен реаниматологтардың қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл шара өкпе жағдайын ауырлатуды болдырмау және қалыпты тыныс алуды қамтамасыз ету үшін қажет болды.
 
Баланың жағдайы тұрақтанғаннан кейін КТ жасалды, онда «3-қабырғаның алдыңғы сегменті деңгейінде 1,9 см, сол жақ өкпенің S3 бөлігіне енетін жіті сүйек өсуі» анықталды. Бұл патология экзостоз деп аталады және өте сирек кездеседі. Мәселен, Орталықтың хирургиялық қызметінің 60 жылдық тарихында бұл балада болған экзостоздың алғашқы клиникалық жағдайы. Орталықтың ең тәжірибелі деген хирургтарының бұған дейін қабырға экзостозына ота жасау тәжірибесі болмаған.
 
Хирург мамандарға сүйек тінін алып тастап, өкпедегі жыланкөзді тігіп, өкпеқап қуысына білте қойып, тексеруге екі сағат қажет болды. Ота сәтті өтті.

«Қорытынды диагноз келесідей болды: сол жақта 3-қабырғаның экзостозы, сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігіндегі жыланкөз, сол жақта пневмоторакс. Баланың бұл ісікпен қанша уақыт жүргенін нақты айта алмаймыз, бірақ уақыт өте келе өкпеде ойылған жер пайда болды, содан кейін жыланкөз (саңылау) пайда болды, осы себепті науқаста пневмоторакс және тыныс алу жеткіліксіздігі орын алды. Осы уақытқа дейін экзостоз оны мазалаған жоқ. Рентгендік зерттеу бұл патологияны көрсетпейді. Біздің Орталықта баланың дене ерекшеліктеріне сәйкес арнайы КТ аппараты бар. Компьютерлік томографияның және рентгенология бөліміндегі әріптестердің көмегімен ауру себебін анықтадық», - дейді Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының хирургі Жалғас Күниязов.

Балаларда қабырға экзостозы (немесе остеохондрома) қатерсіз ісік болып табылады. Ол ауырсыну мен ыңғайсыздықты тудыруы мүмкін, сирек жағдайда қабырға экзостозы кеуде қуысының қалыпты қозғалысын шектейді, бұл тыныс алу проблемаларына әкелуі мүмкін. Қабырға экзостозы әдетте балалар мен жасөспірімдерде кездеседі және салыстырмалы түрде сирек кездесетін құбылыс болып саналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.