Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық жас урбанистер қаланы көркейтпек

Алматылық жас урбанистер қаланы көркейтпек

Әлеумет 28.02.2023, 10:45 1,172
Алматылық жас урбанистер қаланы көркейтпек
Сурет: Zakon.kz

Алматыда жасөспірімдерге арналған урбанистика клубы ашылды.


Жоба факультативтік негізде жұмыс істейді. Жасөспірімдер жеті ай бойы тәжірибелі мамандардан дәріс тыңдап, семинарларға қатысады, сондай-ақ өздері зерттеу жүргізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Жәния мен Жібек үшін урбанистика клубы қалаға пайдалы идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орынға айналды.  Олар Алматының ескерткіштері, инсталляциялары мен қабырға суреттері көрсетілген онлайн карта жасады. Мәдениет нысандарын бассаңыз болды,  карта олардың тарихы туралы мәлімет береді. Қыздар үшін бұл бірінші тәжірибе, сондықтан оларға кәсіби мамандар көмектесті. Картаны әзірлеуге бір апта уақыт кеткен.  



«Біздің негізгі ойымыз - адамдарға көше өнері туралы, өз аймағында қандай арт-жобалар, инсталляциялар бар екені туралы жеткізу. Мысалы, қабырға суреттері, олардың тарихы қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызық деп ойлаймыз», - дейді URBANITARIUM клубының мүшесі Жібек Байзулина.



Ал Дәулет есімді клуб мүшесін қаладағы көлік қозғалысы қатты мазалайды. Бұл - мегаполистің негізгі экологиялық проблемаларының бірі, - дейді жас урбанист. Алдағы уақытта ол көлік кептелісін барынша азайтудың оңтайлы шешімдерін табуды жоспарлап отыр. Айтуынша, жаңа жоба уақытты үнемдеп, қала экономикасын жақсартуға септігін тигізеді. Мақсатына жету үшін тәлімгерлермен бірлесіп, карта құрастыруды қолға алды. 



«Біз ауданымыздың 3D моделін жасадық, бұл белгілі бір аумақтар. Яғни модельде сауда мен бизнесті, автокөлік жолдарын алып тастауға болатын жерлер көрсетілді, орнына жаяу жүргіншілер аллеясын жасауға болады», - дейді URBANITARIUM клубының мүшесі Дәулет Орман.



Urbanitarium клубындағы жас урбанистердің қызықты идеялары көп. Олардың барлығы креативті және қалалық ортаны жақсартуға бағытталған. Бүгінде клубта елуден астам мектеп оқушысы бар. Өз қаласын сүйетін және оны жақсартуға ниетті кез келген оқушы клубқа мүше бола алады. 



«Жасөспірімдер мен балалар да қала тұрғыны болып есептеледі. Сондықтан олардың пікіріне құлақ асқан жөн. Сонымен қатар олардың қазірден бастап игі істерге араласып, құндылықтарды бойларына сіңіргендері дұрыс», - дейді URBAN FORUM KAZAKHSTAN қоғамдық қорының тең құрылтайшысы Әсел Есжанова.



Үйірмедегі сабақтар аптасына бір рет қана өтеді. Бірақ соған қарамастан қатысушылар қазірдің өзінде маңызды зерттеулермен айналысуда. Жасөспірімдер өзендерді зерттеп, судың ластану деңгейін өлшеуді үйренуде.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#урбанистика #клуб #жасөспірімдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.