AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматылық жанкүйерлер халықаралық деңгейдегі кезек...

Алматылық жанкүйерлер халықаралық деңгейдегі кезекті футбол мерекесіне жиналып жатыр

Спорт 21.10.2025, 20:00 746
Алматылық жанкүйерлер халықаралық деңгейдегі кезекті футбол мерекесіне жиналып жатыр
сурет: aqshamnews.kz/Нұрбол Ынтымақұлы

Алматылық «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» арасындағы матч алдында Орталық стадионға алғашқы жанкүйерлер келе бастады. Көрермендер әлі толық жиналып үлгермесе де, алматылықтар өз әсерлерін бөлісіп, мұндай халықаралық деңгейдегі ойынның дәл Алматыда өтуі - үлкен мақтаныш екенін айтты, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Жанкүйер Константиннің сөзінше, бүгінгі кездесу тек спорттық нәтиже үшін емес, Алматының халықаралық мәртебесін айшықтауы тұрғысынан да маңызды:

"Біз ерекше кезеңде өмір сүріп жатырмыз - Алматы халықаралық спорт аренасына айналды. Бұрын мұндай матчтарды көру үшін Еуропаға бару керек еді, ал қазір Еуропаның өзі бізге келіп отыр. Бұл - қаламыз үшін үлкен мәртебе. Өз стадионымызда осындай сәтке куә болу – үлкен қуаныш", - дейді ол.

Ал тағы бір жанкүйер Асанәлі бұл кездесудің тек спорттық емес, рухани мәні бар екенін атап өтті:

"Бұл жай ғана матч емес — Алматыға деген құрметтің белгісі. Мұндай ойындар біздің қаламыздың дамып келе жатқанын, Еуропадан қонақтар қабылдап, үлкен футбол тарихының бір бөлігіне айналып жатқанымызды көрсетеді. Біз "Қайратқа“ сенеміз және мұның бәрі дәл осы әдемі қалада өтіп жатқанына қуаныштымыз", - деді ол.

Стадион әлі тола қоймағанымен, әр жанкүйердің сөзі мен көңіл күйінен қаласына деген сүйіспеншілік пен «Қайратқа» деген сенім айқын сезіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қайрат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);