ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматылық хирургтер бауырдағы үлкен кистаны алып т...

Алматылық хирургтер бауырдағы үлкен кистаны алып тастады

Медицина 09.02.2023, 06:30 1,606
Алматылық хирургтер бауырдағы үлкен кистаны алып тастады
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Қымбат операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен жасалды.

Қымбат операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен жасалды.


Қалқамандағы №7 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері бауырына үлкен киста шыққан әйелге ота жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысының Қарасай ауданында тұратын әйел өскінді алып тастау үшін Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлеріне жүгінген. Айтуынша, диагноз қойылғалы бері бір жыл өткен. Осы уақыт ішінде киста бірнеше есеге ұлғайыпты.



«Соңғы жылдары оң жақ қабырғамның төменгі жағы үнемі ауырып мазамды алатын. Дәрігерлер тексере келе, ота жасау қажеттігін айтты. Операцияны порталға тұрып, МӘМС арқылы қалада жасатуға болатынын да солардан білдім», - дейді пациент.



Естеріңізге сала кетсек, медициналық қызметтерге, соның ішінде МӘМС пакетіне кіретін операцияларға жолдаманы жергілікті емхана дәрігерлері береді. Пациент осы тәртіппен тиісті анализдерді тапсырып, Алматыдағы №7 ауруханаға жолдама алыпты.




«Бауырдағы өскінге лапароскопиялық фенестрация жасалды. Бұл операция кистаны кішкене тіліп, ішіндегі сұйықтықты толығымен алып тастауға мүмкіндік береді. Жалпы, лапароскопиялық технологиялар емдеу процесін тездетіп, пациенттің отадан кейін тез қалпына келуіне мүмкіндік береді», - дейді ота жасаушы маман, №1 хирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Мәуленов.



Жетінші аурухананың шетелдік клиникаларда тәжірибе жинақтаған талантты хирургттері мен анестизиологтарының шеберлігінің арқасында күрделі ота сәтті өтті. Қазір пациент ауруханадан шығып, амбулаторлық бақылауға алынды.



Медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, сақтандырылған азаматтар, соның ішінде өзге аймақтардың тұрғындары да қалалық стационарларда жатып емделе алады. Ол үшін өз емханасы арқылы «Ауруханаға жатқызу бюросына» тіркеліп, жолдама алу қажет.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.