AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық гинекологтар жатыр миомасымен ауыр жағда...

Алматылық гинекологтар жатыр миомасымен ауыр жағдайда түскен әйелді аман алып қалды

Медицина 20.07.2023, 09:24 1,443 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Алматылық гинекологтар жатыр миомасымен ауыр жағдайда түскен әйелді аман алып қалды
almaty-akshamy.kz

Жедел жәрдем бригадасы Алматы қалалық Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қабылдау бөліміне ауыр жағдайда 43 жастағы әйелді жеткізді. 
Қабылдау бөлімінде науқасты көпбейінді топ қарады.


Ауруханаға түскен кезде әйелдің жатыры 13-14 апталық жүктілікке сәйкес ұлғайғаны анықталған (11-12 апталық жүктілікке сәйкес ұлғаю – үлкен ісік болып саналады). Қан кетіп, ауыр анемияға ұшыраған (гемоглобин – 22 г/л), науқастың жалпы жағдайы ауыр болған. Пациент дереу анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылған. Негізі науқасқа 2022 жылы «жатыр миомасы» диагнозы қойылған екен. 



– Пациентте гемоглобин деңгейі 22 г/л, яғни өте төмен болды. Жатыр миомасы бар науқастарда гемоглобин деңгейінің түсуінің негізгі және айқын себебі – зақымдалған органнан патологиялық қан кету. Сондықтан миомамен ауыратын науқастарда патогенетикалық теміртапшылығы бар анемияның емі – қан кету көзін, яғни жатырды хирургиялық жолмен алып тастау, – деп түсіндіреді аталған аурухананың гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Алма Бексұлтанова.



Осылайша А.Бексұлтанова және дәрігер-гинеколог Б.Қалдыбай Пфанненштиль бойынша лапаротомия, сол жақ қосалқыларымен жатырдың экстирпациясы отасын жасады. Операция 2 сағатқа созылды. 
Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Әйел өзін жақсы сезініп, ауруханадан үйіне шығарылды.



– Біздің тәжірибемізде үлкен көлемдегі миома жиі кездеседі. Мұндай түзілімдер бүйректің қалыпты жұмысына кедергі келтіруі, жұқпалы және қабыну ауруларының дамуына ықпал етуі мүмкін. Асқорыту жүйесінің жұмысы да бұзылуы мүмкін. Сонымен қатар, олар онкологиялық қауіп төндіреді. Барлық әйелге патология мен ауру болмағанның өзінде кем дегенде жылына бір рет гинеколог маманға көріну керек екенін еске салғым келеді. Қайталап айтамын, гинекологқа үнемі қаралып, уақытында тексеруден өту маңызды. Өйткені әйел адам шыдамды келеді, көп ауру туралы білмеуі және ешқандай белгіні сезбеуі де мүмкін. Ал егер сізде қандай да бір гинекологиялық ауру болса, онда міндетті түрде дәрігер ұсынған жүйелілікпен тексеріліп тұру керек. Ал егер маман ота жасауды талап етсе, созбай уақытында жасатуға мән берген жөн, – дейді Алма Бексұлтанова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #жеделжәрдем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);