Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық ғалымдар қазақы тазының генетикалық құры...

Алматылық ғалымдар қазақы тазының генетикалық құрылымын зерттей бастады

Әлеумет 30.09.2024, 18:10 2,367
Алматылық ғалымдар қазақы тазының генетикалық құрылымын зерттей бастады
Сурет: Inform.kz

Шаһарымызда ғалымдар генетика және физиология саласындағы озық зерттеулерімен бөлісті.

Гипоксиялық камерада жаттығу

Өңірлік коммуникациялар қызметі мен Генетика және физиология институты ұйытқы болып БАҚ өкілдеріне арнап ұйымдастырылған пресс-тур  барысында қатысушылар генетика, физиология, онкология мен өзге де өзекті ғылыми бағыттардағы институттың соңғы жетістіктерімен танысты. Журналистерге институттың молекулалық генетика, жануарлар генетикасы мен цитогенетикасы, генетикалық мониторинг, эксперименттік мутагенез сияқты 11 зертхананың жұмысы көрсетілді.

Баспасөз турының негізгі жобасының бірі – қазақтың тазы иттерінің генетикалық құрылымын зерттеу және физиологиялық-генетикалық бағалау негізінде спортшыларды дайындау жүйесін әзірлеу. Бұл жоба гипоксиялық жаттығулардың спортшылардың когнитивті функциясы мен бейімделу қабілетіне оң әсерін зерттеуге бағытталған. Тілшілерге спортшылардың гипоксиялық камерада жаттығу барысын бақылауға мүмкіндік берілді. Бір қызығы, бұл камера түрлі биіктіктегі тау шыңына көтерілу кезіндегі гипоксиялық әсерді имитациялайды.

Сонымен бірге, институт ғалымдары спортшылардың физикалық жүктеме кезіндегі жағдайын бақылайтын арнайы масканы таныстырды. Оны ғалымдар өздері әзірлеген. Маска сатурацияны, пульсті, ЭКГ, ылғалдылықты, көмірқышқыл газының бөлінуімен тыныс алу жағдайын бақылайды. Құрылғы жүгіру кезінде көрсеткіштің толық талдауымен қамтамасыз етеді. Спортшылар жаттығу барысында осы масканы киіп, денсаулығы мен   көрсеткішін бақылау мүмкіндігіне ие болады. Бұл прототип келесі жылы коммерцияландыруға шығарылады деп жоспарлануда. Институтта спортшыларға арналған генетикалық паспорт та әзірленген. Бұл құжат спорттық мүмкіндік пен тәуекел туралы ақпарат береді.

Ластанған топырақты тазалау

Сонымен қатар, журналистерге қазақстандық жануарлар тұқымдарының генетикалық әртүрлілігін сақтауда жасалған жұмыстар көрсетілді. Сондай-ақ, ауыр металдармен ластанған топырақты тазалай алатын эндемик өсімдіктер мен «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктермен жұмыс істеу жөніндегі зерттеулермен таныстырылды. Бұл өсімдіктер экожүйені қалпына келтіруде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, Семей аймағы сияқты экологиялық қолайсыз өңірлерде өмір сүретін адамдардың денсаулығына экологиялық факторлардың әсерін зерттеумен айналысатын ғалымдардың қызықты мәліметі де көпшілік назарына ұсынылды.

Пресс-тур кезінде қатысушылар жануарлар геномын тереңірек зерттеп, генетикалық мутацияны анықтауға мүмкіндік беретін ДНҚ секвенирлеу тәрізді жаңа технологиялармен танысты. Әлбетте, бұл технологиялар жануарлар тұқымдарының ерекшелігі мен олардың қоршаған ортаға бейімделуін зерттеуде қолданылады. Сонымен қатар, ғалымдар Лейпцигтегі молекулалық эволюциялық антропология институты мен Нобель сыйлығының лауреаты Сванте Паабомен бірлескен халықаралық жобалар туралы баяндады. Бұл жобалар неандертальдықтардың ДНҚ-сын зерттеуге бағытталған.

Іс-шара қос тақырып: «Қазақтың ұлттық тазы тұқымының генетикалық құрылымы» мен «Қазақстан үшін маңызды спорт түрлері бойынша жоғары білікті спортшылар мен олимпиадалық резервті дайындау жүйесін қалыптастыру» жөнінде шағын баспасөз конференциясына ұласты.  Басқосуда тілшілер түрлі зерттеулер жайында толығырақ мағұлмат алып, спорттық тағамдардың да дәмін татып көрді. Еліміздегі алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулерімен танысқан тілшілер ғалымдарға өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, ғылыми танымның көкжиегіне бойлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тазы #Алматы #генетика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.