конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық эпидемиолог халықты Құрбан айт мерекесін...

Алматылық эпидемиолог халықты Құрбан айт мерекесінде топтасып жиналмауға шақырды

Әлеумет 07.07.2022, 08:48 1,145
Алматылық эпидемиолог халықты Құрбан айт мерекесінде топтасып жиналмауға шақырды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Тәулігіне КВИ-дің 100-ден 200-ге дейін жағдайы тіркеледі.


Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова брифинг барысында тұрғындарды Құрбан айт мерекесі кезінде санитарлық нормаларды сақтауға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


 Департамент өкілінің айтуынша, Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсуде. 



 «Маусым айында мамырмен салыстырғанда ауру деңгейі 6,3 есеге артты (94-тен 595 жағдайға дейін). Тәулігіне КВИ-дің 100-ден 200-ге дейін жағдайы тіркеледі. Ағымдағы жылдың 3 шілдесінен бастап ДСМ эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала «сары аймақта» тұр. 2022 жылдың 6 айында қалада коронавирус 55 441 адамнан, шілдеде 773 тұрғыннан анықталды», - дейді Қарлығаш Әбдіжаббарова.



Спикердің сөзінше, мұндай жағдайда сақтық шараларын ұмытуға болмайды.



«Біз Құрбан айт мерекесі кезінде құрбандық шалу рәсімдері өтетін жерлерде және мешіттерде барлық тұрғындарға маска тағуды ұсынамыз, әсіресе адамдар көп жиналатын жабық үй-жайларда. Әлеуметтік қашықтықты сақтау, қолды жиі жуу, адамдар көп жиналатын орындарға бармау маңызды», - деді ол.



Сондай-ақ, эпидемиолог малды автокөліктерден және жеке үй иеліктерінен сатуға тыйым салды. 



«Мал союды ұйымдастыру және мал сату ветеринариялық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған сою пункттері мен алаңдарда (ветеринариялық қызмет бекіткен тізбеге сәйкес сою пункттері, аудандардағы алаңдар) жүргізілуі тиіс. Мал сою тек ветеринариялық анықтама болған жағдайда ғана жүргізілуі керек», - деді спикер. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #коронавирус #айт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 17:49

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);