ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Коронавирус / Алматылық дінтанушы вакциналану шариғат заңына сәй...

Алматылық дінтанушы вакциналану шариғат заңына сәйкес деп есептейді

Коронавирус 20.08.2021, 14:15 1,334
Алматылық дінтанушы вакциналану шариғат заңына сәйкес деп есептейді
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Дінтану саласындағы сарапшы Алмасбек Шағырбай діндарларды вакциналануға қатысты жалған ақпараттан сақтандырады.

Дінтану саласындағы сарапшы Алмасбек Шағырбай діндарларды вакциналануға қатысты жалған ақпараттан сақтандырады.


Бұл туралы ол Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Дінтанушы, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері Алмасбек Шағырбай діндарларға вакциналану туралы қауесеттер мен болжамдардың әсер ететінін айтты. Вакцинаға қарсылар адам ағзасына кез келген екпе салуды төзгісіз санайды. Бұл, әрине теріс пікір.


Алмасбек Шағырбай екпеден немесе қан құюдан бас тартатын азаматтардың, керісінше, діннен бас тартатынын, соның салдарынан адам өлімі болатынын атап өтті.



«Исламда адам өмірі мен денсаулығынан жоғары құндылық жоқ деген пәтуа бар. Сондықтан әркім өз денсаулығына ерекше назар аударуы керек. Алла Тағала адамның өзіне сақтануды бұйырады. «Сақтансаң – сақтаймын» деген нақыл осыны білдіреді», - дейді дінтанушы.



Алмасбек Шағырбай мұсылман ғалымдардың, егер адам өлім мен өмір арасында тұрса, оны ажалдан құтқару үшін кейде тыйым салынған әрекеттерге де баруға болады деген қағидаларын еске салды. Өйткені, мұндағы басты мақсат – адам өмірін сақтап қалу.



«Вакцинада діни тұрғыдан тыйым салынған ештеңе жоқ. Оны халал немесе харам деп бөлу дұрыс емес», - деді Алмасбек Шағырбай.



Алматылық сарапшы діндарларды теріс қауесетке сенбеуге, тек медициналық мамандар берген әрі расталған ақпаратты зерделеуге шақырды. Алмасбек Шағырбайдың айтуынша, коронавирустық инфекциядан қорғану үшін денсаулықты сақтау, витаминдерді қабылдау және екпе алу қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.