AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер сирек кездесетін Барре-Массон...

Алматылық дәрігерлер сирек кездесетін Барре-Массон ісігіне сәтті ота жсады 

Медицина 30.04.2025, 12:56 878
Алматылық дәрігерлер сирек кездесетін Барре-Массон ісігіне сәтті ота жсады 
aqshamnews.kz

№7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген 42 жастағы науқас оң жақ қолындағы екінші саусағын бала күнінде жарақаттап алған. Содан бері ондаған жыл бойы саусағының басы қатты ауырып, ары қарай шынтақ, иық пен жауырында ауырсыну пайда болатын. Жанын жегідей жеген ауру салдарынан науқас жұмыс істеу былай тұрсын, оң қолын қозғалтудан қалған.

Осы уақыт ішінде талай клиниканың табалдырығын тоздырғанмен, әртүрлі диагноз қойылып, емнен ешбір нәтиже болмапты. Барре-Массон ісігі деген нақты диагнозды жетінші аурухананың Нейрохирургия орталығы мамандары қойды.
Аурухана нейрохирургтері саусаққа микрохирургиялық жолмен ота жасап, ісікті алып тастады. МӘМС арқылы қаржыландырылған бірегей операцияны нейрохирург мамандар Әлихан Халимов, Бақыт Ағлақов, Алтай Анарбай, Бектұрған – Үсен Бексұлтан жасады.  

«Өскін тырнақтың астына шыққандықтан тырнақты алып тастауға тура келді. Айналасындағы тіндерге тығыз біткен ісік техникалық қиындықтар тудырды, дегенмен біз оны толық кесіп алып тастадық. Ота нәтижесі де таңқалдырды, операциядан кейін саусақтағы ғана емес, шынтақ, иық пен жауырынның ауырғаны да бірден басылды. Саусағының ұшына бірдеңе тиіп кетсе жаны көзіне көрініп, жылдар бойы соның зардабын тартып келген пациенттің қуанышында шек жоқ», - дейді 40 жылдық өтілі бар тәжірибелі нейрохирург Әлімхан Халимов.

Айтуынша, Барре-Массон ісігі – сирек кездесетін дерттің бірі. Ол 20 мен 50 жас аралығындағы науқастардың 1-5 процентінде ғана болады екен. Терінің тамыр шумақтарынан құралатын ісік әдетте, саусақтың тырнақ бөлігіне шығады, дейді маман.

Тағы бір айта кетерлігі, бұл дертті анықтап, нақты диагноз қою қиын. Сирек кездесетіндіктен әрі өзіне тән белгілеріне байланысты кеш, пайда болған сәттен бастап шамамен 7 жылдан кейін ғана анықталып жатады. Әлемде нақты диагнозы 40 жылдан кейін қойылған жағдайлар да бар, сондықтан Барре-Массон ісігінің диагностикасы күрделі проблема болып қалып отыр, дейді маман.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Барре-Массон #нейрохирургия #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);