Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық дәрігерлер лапароскопиялық әдіспен науқа...

Алматылық дәрігерлер лапароскопиялық әдіспен науқастың тоқ ішегіндегі үлкен ісікті алып тастады

Әлеумет 30.04.2024, 06:29 1,157
Алматылық дәрігерлер лапароскопиялық әдіспен науқастың тоқ ішегіндегі үлкен ісікті алып тастады
almaty-akshamy.kz

Оңтүстік астанадағы №7 Қалалық клиникалық аурухана хирургтері Крона ауруы, жаралы колит, тоқ ішектің дивертикулярлы ауруы, тік ішек эндометриозы, ішектегі қатерлі ісік пен онкологиялық емес ісіктерді жоспарлы түрде лапароскопиялық тәсілмен емдеп келеді. 


Емдеу мекемесі директоры, тәжірибелі хирург Манас Рамазановтың айтуынша, аурухана хирургия саласындағы соны жетістіктерді, соның ішінде отаның жаңа әдіс-тәсілдерін қолданысқа үнемі енгізіп отырады. 



«Операция әдісі науқастың денсаулық жағдайы мен қойылған диагнозға қарай белгіленеді. Ота залдарындағы жабдықтар операцияларға тыңғылықты дайындалып, жоспарлы ота жасауға, пациент өмірін сақтап қалуға, отадан кейінгі кезеңнің жеңіл өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біздің басты байлығымыз – өз ісін бес саусағындай білетін жоғары білікті мамандар. Біз заманауи қондырғылар мен кәсіби мамандардың арқасында күрделі операциялар жасап, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз», - деді Манас Рамазанов.



Бас дәрігер жуырда ауруханада болған клиникалық жағдайлардың бірін мысалға келтірді. Айтуынша, 78 жасағы пациент Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханаға жоспарлы ем алу үшін жатқызылған. Зейнеткер алдын ала амбулатория жағдайында тексеруден өткен. Дерт ошағынан алынған биопсия тоқ ішектің төменгі бөлігінде бүрлі ісік барын анықтап берді. Жетінші аурухана хирургтері ота жасап, ісікті алып тастау туралы шешім қабылдады.



«Тоқ ішектің сигматәрізді бөлігіндегі ісікті лапароскопиялық әдіспен алып тастау – салдары жеңіл отаның бірі. Манипуляциялар шағын ғана тілік арқылы жасалады. Операция барысында барлық онкологиялық принциптер сақталады. Сонымен қатар әр науқастың денсаулық жағдайы міндетті түрде ескеріледі», - деді Манас Рамазанов.



Ота жасаушы хирург, Проктология бөлімшесі меңгерушісі Марат Каленбаевтың сөзіне сүйенсек, ішектегі ісіктерді емдеуде қолданылатын лапароскопиялық әдістің ашық операцияларға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар.  Біріншіден, кішігірім тілік арқылы жасалатындықтан тіндер көп зақымданбайды, ауырсыну синдромы мен ота кезінде қан жоғалту қаупі төмен. Науқастың қалпына келу процесі де ұзаққа созылмайды, ота жасалғаннан кейін бірер күнде аяққа тұрып жүре бастайды. Өз кезегінде, бұл тромб түзілу мен ішек қызметінің бұзылу қаупін төмендетеді.



«Ісік ішек шеңберінің жартысынан астамын алып жатты. Сондықтан оны эндоскопиялық жолмен алып тастау мүмкін емес еді. Біз сол жақ лапароскопиялық гемиколэктомия әдісін пайдаланған дұрыс деген шешімге келдік. Операция соңында видеоэндоскопиялық құрылғының көмегімен ішек бөліктерін бір-біріне жалғадық, нәтижесінде үлкен дәреттің ішек арқылы жүру қызметі қайта қалпына келді. Аппараттық анастомоз жалпы ота салдарынан болатын тігістің дұрыс бітпеуі сынды басқа да кері әсерлерді төмендетуге мүмкіндік береді. Пациент отадан кейін екінші күні аяққа тұрды», - деді Марат Каленбаев.



Естеріңізге сала кетсек, хирургиялық операция МӘМС қаражаты есебінен жасалды. Сақтандыру пакетіндегі қызметтерді пайдалану үшін науқас міндетті түрде сақтандырылған болуы шарт.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Лапароскопия #науқас #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.