AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматылық дәрігерлер биіктен құлаған 34 жастағы әй...

Алматылық дәрігерлер биіктен құлаған 34 жастағы әйелді аман алып қалды

Алматы 12.08.2026, 11:40 276
Алматылық дәрігерлер биіктен құлаған 34 жастағы әйелді аман алып қалды
№7 Қалалық клиникалық ауруханасы

Алматы қаласындағы №7 Қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері тоғызыншы қабаттан құлап, ауыр жарақат алған 34 жастағы әйелді аман алып қалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Медициналық көмектің барлық кезеңінде мультидисциплинарлық мамандар тобының жедел әрі үйлесімді жұмысының, медицина қызметкерлерінің жоғары кәсіби даярлығының арқасында науқастың жағдайын аса ауыр халден тұрақтандырып, оныншы тәулікте амбулаториялық ем мен кейінгі оңалтуға шығару мүмкін болды.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, пациент №7 ҚКА-ға көптеген сүйек сынулары мен ішкі ағзалардың зақымдануымен қатар жүрген ауыр аралас жарақатпен шұғыл түрде жеткізілген.

Ауруханаға түскен кездегі жағдайы өте ауыр деп бағаланды: кома және өміріне тікелей қауіп төндірген травмалық шок. Жедел жәрдем бригадасы ауруханаға дейінгі кезеңде интубация жүргізіп, шокқа қарсы терапияны бастаған. Стационарға түскеннен кейін санаулы минуттардың ішінде қабылдау бөлімінде шұғыл медициналық көмектің толық көлемі көрсетілді.

№7 Қалалық клиникалық ауруханасының директоры Нұрдос Қадырбековтің айтуынша, емдеу үдерісіне бірнеше бағыттағы мамандар жұмылдырылды.

«Науқасты емдеуге анестезиолог-реаниматологтар, травматологтар, нейрохирургтар, хирургтар, терапевтер, кардиологтар, психологтар және психиатрлар қатысты. Пациентке көрсетілген барлық медициналық көмек МӘМС жүйесі аясында жүзеге асырылды. Жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде ауыр шок пен көптеген жарақаттардың салдарымен күресуге бағытталған ем жүргізіліп, жағдайы тұрақтанғаннан кейін науқас әрі қарай мамандандырылған ем алу үшін политравма бөліміне ауыстырылды», – деді аурухана басшысы.

«Мұқият дайындықтан кейін жоғарғы және төменгі аяқ-қолдарға симультантты операция жасалды, ал екі тәуліктен соң жамбас сүйектеріне ота жүргізілді. Емдеудің барлық кезеңінде тромбоэмболия мен май эмболиясы секілді ауыр асқынулардың қаупі өте жоғары болды. Соған қарамастан, пәнаралық тәсілдің, командалық жұмыстың және дұрыс емдеу тактикасының арқасында оң нәтижеге қол жеткіздік», – деп түсіндірді №7 ҚКА политравма бөлімінің меңгерушісі Рамазан Әскеров.

Оның айтуынша, №7 Қалалық клиникалық ауруханасы – қаланың ең ірі көпсалалы стационарларының бірі. Медициналық ұйым Алматы қаласына кіреберістегі негізгі жолдардың бірінде орналасқандықтан, мұнда жол-көлік оқиғалары мен басқа да төтенше жағдайлардан кейін ауыр жарақат алған науқастар жиі жеткізіледі.

Науқас ауруханаға түскеннен кейін жетінші тәулікте аяққа тұрғызылып, ал оныншы тәулікте қанағаттанарлық жағдайда тиісті емдік ұсынымдармен үйіне шығарылды.

Бүгінде №7 Қалалық клиникалық ауруханасы Алматыдағы негізгі травматологиялық орталықтардың бірі болып саналады. Мұнда тәулік бойы ең ауыр әрі күрделі жарақат алған пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#травматология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);